Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


-тақырып. Дауыстылардың және кейбір дауыссыздардың жазылуы



Pdf көрінісі
бет9/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

2-тақырып. Дауыстылардың және кейбір дауыссыздардың жазылуы 
 
Жоспары: 
1 Дауыстылардың жазылуы. 
2 Кейбір дауыссыздардың жазылуы. 
Дауыстылардың жазылуы. А әрпі сөздің барлық буындарында жазылады: 
ал, ала, алақан, аспан, мақала, сарымсақ. 
Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген жуан 
дауысты а дыбысы көбінесе ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады: жай 
(барлық мағынада да: жай жүру, жай сөйлем, жай отыр, жай түсу, 
дастарқанды жай т.б.) және осы түбірден өрбіген сөздер (жайбарақат, 
жайғасу, жайғызу, жайдан жай-күй, жайлы, жайсыз, жайлап т.б.), шай, 
шайы (көйлек). 
Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде 
жазылады: ә-сем, ә-леумет, ә-демі, тәр-тіп, кә-сіп, сәу-ле, дәу-рен, ән, әл, әр, 
жә.
Сөздің алғашқы буынындағы не алғашқы буындарындағы жіңішке 
дауыстының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін)
ә дыбысының орнына, негізінен, ә әрпі жазылады: тәкаппар (айтылуы – 
тәкәппар), ләззат (айтылуы – ләззәт), рәсуа (айтылуы – рәсуә), Жәмила 
(айтылуы – Жәмилә), Сәбира (айтылуы – Сәбира), Кәмила (айтылуы – Кәмилә
және тағы осы сипаттас жалқы есімдер. 
Ескертулер. 1. Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә әрпі 
жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм, жүдә, күмән, мүсәпір, дүдәмал, 
шүбә (бұлардың жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек). 


12 
2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің екінші 
буынында да естілуінше ә әрпі жазылады: Күләш, Күләнда, Күлән. 
3. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында ә әрпі жазыла 
береді: ендігәрі, әжептәуір, Гүлжәмила, Бейсенәлі, әлсін-әлі, кәп-кәрі, әп-әсем
О, ө әріптері қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы буынында және бір 
буынды сөздерде ғана жазылады: о-рамал, о-тын, то-ры, до-лана, ө-сімдік, ө-
кімет, кө-леңке, ал, от, ор, он, өс, өр, тор, төс, төр, төрт. 
Алғашқы буындағы еріндік ө дыбысының әсерімен екінші буындағы езулік 
е дыбысы ө болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі жазылады: бөрене 
(айтылуы –бөрөне), көбелек (айтылуы- көбелек), жол-жөнекей (айтылуы –
жолжөнекей). 
Ескертулер. 1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынындарында о әрпі 
жазыла береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним. 
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында о, ө әріптері 
жазыла береді: көркемөнер, кәсіпорын, алабота, Айнамкөз, оқтын-оқтын 
төсек-орын. 
4. Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір буынды 
сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұ-лан, құ-лақ, жұ-дырық, құ-мыра, үл-кен, тү-
йіншек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт. 
Алдыңғы буындағы еріндік ұ, ү, о, ө дыбыстарының әсерімен келесі буында 
естілетін ұ, ү дыбыстарының орнына ы, і әріптері жазылады: құндыз (айтылуы 
-құндұз), құрық (айтылуы -құрұқ), бүгін (айтылуы-құрұқ), бүгін (айтылуы- 
бүгүн), күбір (айтылуы - бүгүн), күбір (айтылуы - күбүр), орын (айтылуы- 
орұн), өңір (айтылуы -өңүр), домбығу (айтылуы - домбұғұу). 
Ескертулер. 1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында ұ, ү 
әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, 
дәстүр. 
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында ұ, ү әріптері 
жазыла береді: көкқұтан, Аққұдық, қыстыгүні, мал-мүлік. 
 Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ыс, ыстық, ыдырау, 
қыдырыс, қыртыс, торы, іс, кіріс, ірі, кідіріс. 
Үш буынды сөздердің ортасында дүдәмалдау естілетін қысаң ы, і 
дыбыстарының әріптері көбінесе түсірілмей жазылады: абырой, адыраспан, 
адыраю, азына, айырым, ақымақ, аңызақ, аңырау, атырап, атырау, әсіресе, 
бадырақ (көз), бадыраю, бытыра, дәрігер, едірею, ежірею, жадырау, 
жайылым, жапырақ, жауырын, жұдырық, көбінесе, көкірек, қабілет, қағілез, 
қазына, қапырық, қатынас, қоңырау, құбылыс, құдірет, құжынау, құмыра, 
құрылыс, мағына, мәжіліс, мәлімет, мәміле, мейірім, меңіреу, мөңіреу, омырау, 
өкімет, сүмірею, тамызық, тебірену, тоқырау, топырақ, төңірек, ұмыту, 
үзіліс, үкіметшекірею, шұғыла, ыдырау, ықылас, ысырап. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет