13
жиын+а+лыс-жиналыс, қорық+ып-қорқыту, қорық+а+атын- қорқатын,
үрік+ек-үркек,
ерін+еу-ернеу,
қырық+ыншы-қырқыншы,
айыр+ық+ша-
айрықша.
Ескертулер. 1.
Айыр, қайыр, майыр, шайыр, үйір, шүйір сияқты етістік
түбірлеріне етіс жұрнақтары (+ыс,+ыл т.б.) жалғанғанда й +ден кейінгі ы, і
әріптері түсірілмей сақталып жазылады:
айырылу, айырысу, қайырылу,
қайырысу, үйірілу, шүйрілу.
2. Соңғы буынындағы ы, і әріптерін түсіріп не түсірмей жазу бірқатар
сөздердің мағынасын айыру үшін пайдаланылады. Мысалы: ұмтылу- талпыну
және ұмытылу – естен шығу.
Соңғы буындарында ы, і дыбыстары
бар сөздерді тәуелдегенде, көбінесе
соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киім+і – киімі,
бауыр+ы- бауыры, бақыт+ы- бақыты, бұйым+ы- бұйымы, дәуір+і- дәуірі,
пейіл+і – пейілі, рақым+ы-рақымы, уақыи+ы-уақыты, уыт+ы-уыты, ырыс+ы-
ырысы, иіс+і-иісі, ғылым+ы-ғылымы.
Ескерту. Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін
сөздерде ы, і әріптері түсірілмейді: көрік+і- көрігі, білік+і-білігі.
Мынадай
сөздерде, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді дыбыс пен қатаң
дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып
түсіп қалады және түсіріліп жазылады: мойын+ы-мойны, мұрын+ы- мұрны,
халық+ы-халқы, ерік+і-еркі, әріп+і-әрпі т.б.
Ы, і дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауысты дыбыстан басталатын
қосымша жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: алты+ау-
алтау, жеті+еу- жетеу, екі+еу- екеу.
Ы,і дыбыстарына аяқталатын етістіктерге –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і
әріптері түсіріліп жазылады: оқы+у- оқу, тоқы+у-тоқу, кемі+у- кему, жібі+у-
жібу, иі+у-ию, кейі+у-кею.
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін а, ә, е, у, ұ, и дыбыстары келетін
түбір сөздердің басында ы, і әріптері жазылмайды: лаж, лайық, лас, лай, лайсаң,
лақ, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу,
рақым, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух, рухани, рұқсат, риза, рия, рәсуа.
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін қысаң ы, і дыбыстары келетін
сөздердің басында (л, р әріптерінен бұрын) ы, і әріптері жазылады: ырыс,
ырым, ырыө, ырсылдау, іріту, ілігу.
Сөз р немесе л дыбыстары мен қатаң дауыссызға аяқталып, шұғыл
айтылатын жағдайда бұлардың арасына ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы:
ұят, жұрт, кілт, бұлт, қарт, төрт, құрт, жалт-жұлт, тарс-тұрс, бырт-бырт, жарқ-
жұрқ, салт, қалт (етті).
Ескерту. Шұғыл айтылмайтын соңғы үнді мен қатаң дауыссыздың
арасына ы, і қойылып жазылады: жарық (сәуле), қарыс (бір қарыс сақалы бар),
қарыт(аязға беін қарытып алды), тұрыс (бұл тұрысың маған ұнамайды).
Достарыңызбен бөлісу: