38
Бүгінде кикілжің мен қақтығыстар шиеленісе түсуде. ХХІ ғасыр дерті дерлік лаңкестік
зардаптары, қоғамдағы қорқыныш пен үрей, жеке тұлғалар санасының зиянды
стереотиптерге бейім
болуы адамзат өркениетіне, тіпті, бүкіл планетадағы өмірге қауіп
төндіруде. Демек әлеуметтік жүйе де, рухани-адамгершілік принциптер мен құндылықтар да
сынға түсер заман туып тұр.
Біз қоғамның жүйелі қағидаттары ретінде «қауіпсіздік мәдениетін», «бейбітшілік
мәдениетін» жиі айтамыз. «Бейбітшілік мәдениеті» құндылықтарын
қолдау және оны
өндірудің маңыздылығын мойындау аясында шынайы саясатта көретініміз мүлдем басқа
жағдай – қоғамдық қауіпсіздік атын жамылған «соғыс мәдениеті».
Осы жағдайды терең
түсінген Президент: «…соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда.
Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып,
әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр», – деп ескертті.
Достарыңызбен бөлісу: