«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата19.05.2024
өлшемі0.54 Mb.
#501473
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
TZhB 1178 azaz tili 9

 
1-мәтін 
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы 
дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген 
мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің 
экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын 
ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан 
қайта пысықтау керек», – деп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне айрықша 
назар аударған болатын. 
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды 
мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін 
тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес 
есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен.
Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық 
адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде, сондықтан оларды тиімді пайдалану, 
адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін 
сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді 
қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың 
қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің 
агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және 
ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді 
пайдалануға негіздеу керек. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада 
суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су 
ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
2-мәтін 
- Арман Азатұлы, 2025 жылға қарай судың тапшығы болып, күрделі ахуал 
қалыптасады деген пікірлер қаншалықты шындыққа сайкес келеді?
- Су – жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс. 
Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып 
келеді, себебі халық саны ұлғайып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып 
келеді. Бұл суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде 
жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда. БҰҰ Бас 
Ассамблеясының қарарында: «Онжылдықтағы мақсат – барлық деңгейдегі су ресурстарына 
байланысты іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар бойынша шараларға және 
проблемаларға баса назар аударуға негізделген», - делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет