«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)


Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата19.05.2024
өлшемі0.54 Mb.
#501473
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
TZhB 1178 azaz tili 9

Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік 
Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде 
түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» 
жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгiлiк Ел», деген сөздерімен толыға 
түседі. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – 
әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын 
Тәуелсіз Мемлекет атану еді. 
1. Кестені толтырыңыз. 
№ 
Тілдік құралдар 
Мәтіннен 2 мысал 

Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер 

Эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары 

Ой салу мағынасында қолданылған сөздер 
2. Мәтінді құрылымына сай бөліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз. 
Мәтін бөліктері 
Мәтін бөліктері басталатын сөйлем 
Жанры, стилі 
Кіріспе
Негізгі бөлім 
Қорытынды 
3. Сұрақтарға жауап беріңіз. 

Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді 
қолданады?

«Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?
4. Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз. 
А. Очерк 
В. Шешендік толғау 
С. Шешендік арнау 
Д. Баяндама
 
 


12 
Жазылым 
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік 
және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс 
қолданыңыз. 
[10] 
 
1. Бүгінде біз – тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде 
дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы 
таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан 
көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жазыңыз. 
2. Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, 
ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының 
негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны 
қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп 
аргументативті эссе жазыңыз. 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет