Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
птл сурак есеп

Қалыпқа құю әдісі. Қалыпқа құю әдісі, басқа әдістерге тән емес, әр түрлі негіздермен бірдей 
формалы суппозиторийлер дайындауға мүмкіндік береді. Дайындау процесі едәуір жылдам 
жүргізіледі, суппозиторийлердің сыртқы пішіні басқа әдіспен салыстырғанда жақсы. Бұл 
әдістің кемшілігі ретінде қату кезінде қоспаның біркелкілігінің бұзылуын айтуға болады 
Престеу әдісі тек қана суппозиторийлік массалары жеткілікті болатын суппозиторийлерге 
қолданылады. Бұл әдісте престер механикалық немесе автоматты дозалайтын болады. Престеу 
әдісінде массаның біркелкілігі бұзылмайды, бірақ дайындағанда көп уақытты алады.
16.Жақпа май негіздеріне сипаттамасы. Жақпа майлардың қолданылуы, белгіленуі және 
дисперсті жүйелері бойынша жіктелуі. Жақпа майларға қойылатын талаптар және оның 
негізделуі. Әртүрлі жақпа май типтеріне мысал келтіріңдер. 
Жақпа майлар – теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ, әр текті дәрілік 
түрлер. 
Жақпа майлар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге 
қабілетті, тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, өзінің агрегаттық күйі бойынша 
жақпа майлар сұйықтықтар мен қатты денелер арасынан орын алатын пластикалық немесе 
тұтқыр денелер болып табылады. 
Дисперсологиялық жіктеу бойынша жақпа майлар еркін, тұтқыр-пластикалық дисперсті 
ортасы бар жүйеге жатады. 
Жақпа майлар әр түрлі белгілеріне байланысты жіктеледі. 
1) белгіленуі бойынша
2) қолданылатын жері бойынша; 
3) дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша (технологиялық). 
Белгіленуі бойынша жақпа майлардың жіктелуі: 
1.Қорғаныс жақпа майлар. Оларды профилактикалық мақсатта теріге және кілегейлі 
қабаттарға жағу үшін, теріні улы заттардың, органикалық еріткіштердің, микроорганизмдердің 
әсерінен қорғау үшін қолданылады. Қорғаныс жақпа майларды мамандық зияндылығы бар әр 
түрлі өндірістерде қолданудың маңызы зор. 
2.Косметикалық жақпа майлар. Оларды теріні жұмсарту, қоректендіру, пигментті дақты 
кетіру, емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданылады. 
3.Емдік жақпа майлар (немесе медициналық). Бұл жақпа майлардың маңызды тобы. Терінің 
зақымдалған жеріне, кілегей қабатқа бағытталған түрде жергілікті, локальды әсер көрсетеді 
(күкірт, мырыш, ксероформ жағар майлары). Резорбтивті әсер көрсететін жағар майлар 
(резорбция – сіңу) теріге немесе кілегей қабаттың терең қабаттарына өтіп, қан тамырларға 


немесе лимфаға жетіп, бүкіл ағзаға немесе жеке мүшелерге әсер көрсетеді. Құрамында 
витаминді, гормонды және тағы басқа да препараттар бар, теріні қоректендіру үшін 
қолданылатын жағар майларды осы топқа жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет