Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет5/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Тӛл тілдің әлеуеті – қазақ тілінің төл сөздерінің семантикалық 
компоненттерінің мағыналары, қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына мейлінше 
тəн сөзжасам тəсілдерін игеру арқылы жаңа сөз тудыру, ғылыми-техникалық 
терминдерді қазақыландыру үшін танылатын төл тілдің мүмкіндіктері. 
Тілдік жоспарлау – тиісінше саяси іс-шараларды жүзеге асыра отырып, 
тіл саясаты мен тіл идеологиясын қалыптастыру, тіл корпусын жоспарлау, яғни 
тілдің құрылымын реттеу, тілді меңгеруге жəне тілдің таралуына жағдайлар 
жасау, тілдің қолданылу аясын кеңейту, тілді нормаландыру жəне 
қалыптандыру, тіл практикасына ықпал ету бойынша нақты іс-шаралар жүргізу.
Тілдік норма – а) босаң (диспозитивті) норма бұл арқылы тілді 
пайдаланушылардың жаңа сөздердің қатарындағы жарыспа нұсқалардың бірін 
таңдап, қайсысының мақсатты стильдерге сəйкес келетіндігіне қарай 
коммуникативтік жағдаятқа сай іріктеп қолдануы ұғынылады; ə) императивті 



норма – қатаң норма түрі; тілдік жүйеге жасалған зерттеулер арқылы барынша 
анықталған, қолданылу жиілігі арқылы норма екендігі дəлелденген тілдік 
бірліктер бекітіледі.
 
Тілдік тҧлға – коммуникативтік актіге (ауызша жəне жазбаша) қатысқан 
жағдайда сөйлеген / жазған сөзінде вербалды-семантикалық деңгей (сөз қорын 
жетік білу), лингвокогнитивті деңгей (өзі қолданған əрбір тілдік бірліктің 
ұлттық-мəдени сипатын саналы түрде сезінуі жəне жетік білуі); прагматикалық 
деңгей (сөйлеу актісінің нысаналы бағытына қарай тілдік құрылымдарды дұрыс 
пайдалана білу), коммуникативтік деңгей (тілді өзінің іс-əрекеттерінің 
қажеттіліктеріне қарай дұрыс қолдана білу) көлемін айқын таныта алатын 
қабілеттер жиынтығы бар адам.
Узус – тілді пайдаланушылар мойындап қабылдаған тілдік бірліктер. Бұл 
термин арқылы сонымен қатар əдеби тілдің нормасынан тыс, тілдің лексикалық 
жəне грамматикалық құрылымының табиғи заңдылықтарынан ауытқыған, 
алайда тілді пайдаланушылардың коммуникативтік актісінде жоғары жиілікпен 
қолданылатын, нормативті сөздіктерге енгізілген тілдік бірліктер де аталады.
Ҥдерістер (лат. «processus» and «procedure» — «ілгері жылжу», «алға 
қарай қозғалу») – қазақ тіліндегі жаңа сөздердің қалыптану үдерістері: а) масс-
медиа тілінде, ғылыми-ағартушылық мазмұнындағы жазба нұсқаларда, ауызша 
əдеби тілде алғаш пайда болуы, жекелеген қоғам мүшелерінің тарапынан 
ұсынылуы; ə) кейбір ұғым-түсініктердің жарыспа нұсқаларының қолданысқа 
түсуі жəне олардың əдеби тіл айналымында қолданыс жиілігінің жоғары жəне 
төмен болуына қарай стильдік, атауыштық мақсаттарға қарай екшелуі; б) осы 
сатылардан өткен жаңа сөздің бекітілетін аталымдар қатарына енгізілуі; в) 
нормативті, түсіндірме, терминологиялық арнаулы сөздіктерге енгізілуі арқылы 
жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет