жҧмысының тағы бір ӛзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың өзектілігі сондай-ақ төмендегідей қарама-қайшылықтарға
негізделген:
-
жаңа аталымдардың тіл жүйесіндегі нақты көрінісі (пайда болуы,
тіркелуі жəне бекітілуі) мен əлеуметтік-этникалық, білімдік, аумақтық, жас
ерекшеліктеріне қарай əртүрлі топтардың коммуникативтік актіде жаңа
сөздерді əралуан деңгейде пайдалануы арасында;
-
жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануы үдерістерінің ғылыми
негізделуінің
толыққанды
еместігі,
жаңа
сөздерді
меңгертудің
лингводидактикалық негіздерінің жеткілікті түрде қалыптаспауы мен
қоғамдағы кейбір топтардың тарапынан қазақыландырылған сөздердің
лингвистикалық, əлеуметтік-саяси маңыздылығын субъективті бағалауының
арасында;
-
қазақ сөз мəдениетінің жоғарғы дəрежесін сақтаудың бəсеңдігі жəне
төмендетілуі мен əртүрлі коммуникативтік жағдаяттарда басқа тілдердің
элементтерін еркін пайдаланудың арасында;
-
мектеп оқушыларын толыққанды тілдік тұлға, зияткерлі ұлттың əлеуеті
ретінде қалыптастыруға қойылып отырған мемлекеттік талаптар мен мектеп
оқушыларында біздің қоғамымыздың əлеуметтік-мəдени бейнесі туралы іргелі
білімді қалыптастыруға, тəрбиелік, отансүйгіштік іс-шараларды жүргізуге
айрықша ықпал ететін қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктері арқылы жасалған жаңа
сөздерді меңгертудің лингводидактикалық негіздерінің жеткіліксіз түрде
жүйеленбеуі арасында.
Көрсетілген міндеттер мен қарама-қайшылықтардың шешімдерін табу
үшін теориялық жəне лингводидактикалық ұсыныстар енгізу мақсаттарына
диссертацияның тақырыбы «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сӛздер:
кодификация ҥдерістері және олардың лингводидактикалық негіздері»
түрінде таңдалып алынды.
Зерттеу нысаны: Бейіндік мектептің оқушыларына (10-сынып) қазақ
əдеби тілінің лексикалық құрамында соңғы 25 жыл көлемінде пайда болған
жаңа сөздерді меңгерту үдерістері.
Зерттеу пәні: Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы жаңа
сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерін түсіндіру бойынша əдістер
мен тəсілдерді бейіндік мектептердің лингводидактикалық базасына енгізу
жəне жаңа сөздерді меңгертудің əдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |