Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет90/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Ҧсынылған жаңа сӛздер 
Толық 
сәйкестік 
(%) 
Жартылай 
сәйкестік 
(%) 
Нӛлдік
сәйкестік
(%) 
сынауыр 
25 
35 
40 
кеппешӛп 
56 
26 
18 
желбағар 
18 
63 
19 
тұсбағар 
43 
42 
15 
сырғыма
28 
37 
35 
Жаратылыстану циклі бойынша оқулықтардағы қазақыландыру үдерісінің 
қарқындылығына талдау барысында көз жеткізілді. Алайда ұсынылып жүрген 
0%
10%
20%
30%
40%
50%
дұрыс жауап 
бергендер
дұрыс емес 
жауап бергендер
жауап беруден 
бас тартқан
46%
27%
27%
27%
41%
32%
Орыс тіліндегі баламасын 
көрсету 
Қазақ тіліндегі баламасын 
көрсету


171 
қазақша баламаларды оқушылардың қаншалықты деңгейде қабылдайтындығын 
анықтауда оқыту үдерісінде терминдік атаулардың орыс тіліндегі баламасына 
басымдық берілетіндігі, оқушылардың терминге қатысты білімді жинақтауда 
шеттілдік атауды басшылыққа алатындығы байқалды. Мəселен, сынауыр 
сөзінің (түбі жартылай дӛңгелек, конусты және тегіс болып келетін цилиндр 
пішінді арнайы түтік) толық терминдік түсініктемесін берген оқушылардың 
саны – 27; ал 37 оқушының жауабы сөздің семантикалық ерекшелігіне 
негізделген, сөз құрамындағы сын деген бөлшекке назар аударып, бір нәрсені 
ӛлшеу, сынау мағынасымен байланыстырған. 42 оқушының жауап нұсқалары 
нөлдік сəйкестікке ие. Кеппе жəне шӛп сыңарлары тұтас кеппешӛп сөзінің 
семантикасын айқындап тұр. Кеппешӛп – кептірілген шӛптердің топтамасы. 
59 оқушы бұл сөздің терминдік түсініктемесін толық ұсынса, 28 оқушы 
жартылай сəйкестік деп бағаланған жауаптар ұсынған (шөпті кептіру, 
кептірілген шөппен жасалған сурет, жапырақтарды кептіру т.б.), ал 19 
оқушының берген түсініктемесі қате деп бағаланды. Желбағар (желдің бағыты 
мен жылдамдығын ӛлшеуге арналған аспап) сөзінің география саласы бойынша 
терминдік мағынасына толық сəйкес келетін жауапты 19 оқушы ұсынды, бұл 
ретте оқушылар желбағардың заттық қызметін басшылыққа алған. Ал 67 
оқушының жартылай сəйкестік деп бағаланған жауаптары сөздің семантикалық 
айқындылығына негізделген (желді бақылау, желді тексеру, желді анықтау 
т.б.). 20 оқушы жауап беруден бас тартқан. Тұсбағар (кӛкжиек тұсына 
қатысты бағдарды анықтауға арналған, географиялық немесе магнитті 
меридиан бағытын кӛрсетуші аспап)
 
– қолданыс белсенділігі жоғары, 
нормалық сипаты басым əрі семантикалық жағынан түсінікті сөз. Терминдік 
мағынасын 46 оқушы дəл берсе, 44 оқушының жауабы жартылай сəйкестік 
ретінде бағаланды, 16 оқушы жауап беруден бас тартқан. Сырғыма сөзінің 
терминдік мазмұнын (ауырлық күшінің ықпалымен ӛзендер мен кӛлдер, 
теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан 
топырақ массасы мен тау жыныстарының тӛмен қарай тайғанап ығысуы) 
толық ұсынғандар – 30, ал сөздің семантикалық ерекшелігіне негізделген 
жауаптар саны – 39, нөлді сəйкестік ретінде 37 жауап бағаланды.
Алынған нəтижелер көрсетіп отырғанындай, жаратылыстану циклі 
бойынша мектеп оқулықтарында кездесетін жаңа сөздердің терминдік қызметі 
туралы оқушылардың танымы берілетін білім мазмұнының көлеміне сəйкес 
емес. Оқушылар сөздің семантикалық айқындылығы жоғары екендігіне 
қарамастан, оның терминдік қызметіне назар аудармайтындығы байқалды. 
Жартылай сəйкестік ретінде бағаланған жауап нұсқалары ұсынылған сөздердің 
семантикалық ерекшеліктеріне негізделген (Сурет 11).


172 
Сурет 11 – Жаратылыстану бағытындағы жаңа сөздердің мағынасын түсіну 
дəрежесін танытатын жауаптардың пайыздық көрсеткіштері 
Оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру деңгейін анықтау бағытталған 
эксперименттің алғашқы анықтау кезеңінде мынадай нақты проблемалар 
анықталды:
– орта білім беру жүйесіне арналған қазақ тіліндегі оқулықтардың (қазақ 
тілі жəне жаратылыстану пəндері бойынша) дидактикалық базасында бұрын 
интернационалды атаулары норма болған терминдерді қазақшаландыру 
үрдісінің басымдығы;
– мектеп оқулықтарын қазіргі тіл саясатына сəйкестендіру мақсатында 
лексикографиялық еңбектерге тіркелген жаңа сөздердің енгізілуі жəне 
оқулықтар авторлары тарапынан жаңа сөздердің жасалуы (жаратылыстану 
ғылымдары бойынша мектеп оқулықтарындағы жаңа сөздердің статистикалық 
мəліметі біздің тарапымыздан анықталған; мысалы, тек қана 7-сыныпқа 
арналған биология пəні бойынша оқулықта 334 сөз кездеседі);
– қазіргі мектеп оқулықтарының тілі мен стилін біршама жаңартқан; 
– қазіргі мектеп оқушысы үшін психолингвистика, əлеуметтік 
лингвистика тұрғысынан қарағанда, оқулықтардың тілін қабылдау біршама 
күрделенген; 
– қазіргі 
күрделі 
қоғам 
жағдайында 
оқушылардың 
менталды 
лексиконында жаңа сөздердің орнығу дəрежесі ғылыми жəне практикалық 
тұрғыдан əлі де анықталмаған, яғни анықтау кезеңінің нəтижесі көрсеткендей, 
көптеген жаңа сөздер жазба нұсқаларда ғана сақталған. Əсіресе жаратылыстану 
бойынша ғылыми аталымдардың тіл жүйесі – сӛйленіс – узус үштігіндегі 
орналасуы бірдей емес. Ғылыми терминдер тіл жүйесінде бар (негізінен жазба 
нұсқаларда, ғылыми əдебиеттерде), бірақ сӛйлеу жəне узус деңгейіне өту 
дəрежесі бəсең.
Анықтау кезеңінде жүргізілген сауалнаманың жалпы қорытындысы 
бойынша оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру дəрежесінің салыстырмалы 
түрде бəсең екендігі байқалды. Бұл жаңа сөздерді есте сақтау, əлеуметтік-
қолданыстық маңызын түсіну, дұрыс қолдану дағдыларының төмен екендігін 
дəлелдейді. Осыған байланысты жаңа сөздерді меңгерту бағытында білім беру 
жүйесінде нақты іс-шараларды жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды. 
Толық 
сəйкестік
34%
Жартылай 
сəйкестік
40%
Нөлдік 
сəйкестік
26%


173 
Эксперименттік анықтау кезеңінде алынған нəтижелер бойынша жəне 
зерттеудің нысанына, мақсаты мен міндеттеріне сəйкес тəжірибелік оқыту 
қолға алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет