К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі



Pdf көрінісі
бет44/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі 
дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан әлемчемпионы. 
Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Никита бала кезінен 
спорттық 
акробатикамен 
айналысқан.Ол 
спорттық 
акробатикадан 
республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-
тан аса марапаты бар. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола 
жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды. 
2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері 
атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде 
Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар 
категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының 
алтыны болып табылады.
4.10. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз және қазақ тілінде түсінгеніңізді 
әңгімелеңіз. 
Мыңжылқы Бердіқожаев – нейрохирург 
2006 жылы Мыңжылкы «Болашақ» президенттік бағдарламасының 
стипендиаты болды, Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров 
атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына 
оқуға түседі. Ординатураны сәтті аяқтаған соң, Астанаға келіп қайтадан 
ашылып жатқан Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта 


56 
эндоваскулярлық нейрохирург болып мансабын бастады. 2008 жылмен 2015 
жыл аралығында жұмыс атқарған уақытта 1500-ден аса бас миының 
тамырларына жоғары технологиялық ота жасады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласына Совмин аурухананың 
нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болуға шақыртылды. Соңғы үш 
жылда 800-ге жуық ішкі тамыр жүйелеріне қатысты ота жасалынды және 
Алматы қаласында инсульттан көз жұму көрсеткішін 2% төмендетті. Бүгінгі 
уақытта Мыңжылқы Сайлауұлының басшылығымен нейрохирургиялық 
бөлімдері Қазақстанның аймақтарындағы, сонымен қатар қиыр Шығыстағы 
дәрігерлерді оқытатын үлкен оқыту орталығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет