К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен



Pdf көрінісі
бет50/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

8 Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен 
жоспарлары. Қалып етістіктері. Етістік+-ғанда, -генде, -қанда, -кенде 
қосымшалары. 
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағдарламалары мен 
жоспарлары 
Тәуелсіз ел – экономикалық, мәдени, әлеуметтік бағыттары айқын ел. 
Шын мәнінде, ешкімге тәуелді болмау үшін мемлекеттің өзінің даму жоспары 
болуы тиіс.
Республикамыздың 
дамуына 
арналған 
бірнеше 
бағдарламалар мен жоспарлар бар. Ол бағдарламалар: Қазақстан 
Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, индустриялық-
инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан 
Республикасында 
тiлдердi 
дамыту 
мен 
қолданудың 
мемлекеттiк 
бағдарламасы, 
денсаулық 
сақтау 
саласын 
дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, тағы басқалар.
1993 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл 
бағдарлама 
бойынша 
осы 
уақытқа 
дейін 
әлемнің 
маңдайалды 
университеттерінде мыңдаған жас білім алды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп 
келе жатқан «Серпін» бағдарламасы да ел жастарын қолдаудың бір жолы.
2017 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладан кейін 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып 
жатыр. Олар – «100 жаңа кітап», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары, 
«Туған жер» бағдарламасы.
«Туған жер» бағдарламасы - туған еліміздің тарихын тануға арналған 
бағдарлама. Елбасы жергілікті биліктің бұл бағдарламаны жинақылықпен 
және жүйелілікпен қолға алуын тапсырды. Бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан», 
«Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты 
бағдарламалар бар. Олар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ 
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет