8
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Тетігін тап та, бар, қалан» дейді хәкім Абай. Адам ер жетіп, оң-солын таныған
соң, белгілі бір кәсіп түрін меңгеруге ұмтылады. Ондағы мақсат: біріншіден,
материалдық жағдайыңды жақсартасың, екіншіден, жаңа білімді, жаңа өнерді
меңгересің, үшіншіден, уақытыңды тиімді өткізесің, төртіншіден,
жаңа орта
қалыптастырасың. Сонда кәсіп адамның тән рахатын да, жан рахатын да
табуына негіз бола алады. Тән рахаты – тамақ, киім,
керек-жарақ алатын
қаражатыңның болуы, жан рахаты – өзіңе ұнайтын ісіңнің, араласатын
әріптестеріңнің болуы. Сондықтан да мамандық – адамның болашағы.
Ал, адам қандай мамандықты таңдауы керек?
Мамандықтың қандай
түрлері бар? Мамандық таңдайтын адам алдымен өзінің қабілетін,
мүмкіндігін, қызығушылығын ескергені дұрыс. Мысалы, ән айтқанды, ел
алдында өнер көрсеткенді жанымен жақсы көретін
адам кітапханашы бола
алмаса керек. Не болмаса, парашюттен секіргенді, экстремальды жағдайларды
бастан өткергенді ұнататын адам программист бола алмаса керек.
Мамандық әкеден балаға мирас болып та қала алады. Мысалы, мүсін
жасау, ұсталық, зергерлік, ағаш ою (ағаштан түрлі бұйымдар жасау) тағы
басқа. Мұндай қабілет адамда еш оқусыз, ешқандай дипломсыз да болады.
«Сүтпен сіңген қасиет сүйекпен кетеді» деген сөз осыған дәлел. Ал,
Сіздің
мамандығыңыз қандай?..
Тапсырмалар:
3.1.Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз:
әсемпаз, өнерпаз,
ұмтылады, меңгересің, керек-жарақ, тән рахаты, жан рахаты,
араласатын әріптестерің, қабілет, мүмкіндік, қызығушылық, мүсін
Достарыңызбен бөлісу: