6. «Ұлы Даланың жеті қыры» – тарих пен болашақтың алтын көпірі».
Ойыңды талдап жаз
«Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен
қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз
болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс
түсініп, қабылдай білуіміз керек.»
Н.Ә.Назарбаев.
Елбасымыз – көненің көзі, ата-бабамызға асқар таудай көрәнер Асан Ата ата іспеттес
көрінеді маған. Соңғы уақытта ақсақалдығынығ бір саласы ретінде көне тарих пен жастар
арасында жаңғыру көпірі ретінде үлкен еңбек жазып бітірді, бұл жай еңбек емес, оқығанынан
тгоқыған нәрсесін өмірге пайдаланатанын еңбек.
Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы –құнды дүние.
Елбасымыз жаңа мақаласында төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктей келе,тарихи сананы
жаңғырту мәселесін көтеріп, 6 бірдей жобаны ұсынып отыр. Соның бірі – жас ұрпақтың
ұмытыңқырып бара жатқан сәйгүлікке міну спорты.
Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты
бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды
жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе өсіп келе жатқан жас буынды ұлттық тәрбиемен
сусындату керектігі жөнінде жазған. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел
билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты
тұлғалар екендігін де Елбасы тілге тиек еткен.
«Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі
металлургиясы, аң стилі, Есік қорғанынан табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және т.б.
құндылықтарымыз туралы айтылса, « Тариxи сананы жаңғырту».бөлімінде ұлы даланың ұлы
есімдері, ежелгі өнер, дала фольклоры мен музыкасы және тариxтың кино өнері мен
телевизиясы туралы баяндалған. Шынында да, тарихтың сонау терең сахнасына үңілсек,
халқымызда киелі саналатын төрт түліктің бірі- жылқының адам үшін атқаратын қызметі
жоғары бағаланады. Бұл түлік- ата-бабаларымыздың жан серігі, айрылмас досы болған. Атқа
міну салтының негізін қалаған- біздің халық.
Этнографиямызға шолу жасасақ, халқымыздың қаншалықты бай екенін анық байқай
аламыз. Салт- дәстүріміздің ерекшелігін, ұлттық аспабымыз домбыра, қобыз үнін естігенде
тебіренбейтін жан жоқ, сірә!? Халқымыздың тілі де өте бай. Оның бірден-бір дәлелі - М.
Әуезовтың «Абай жолы» роман -эпопеясы. Ұлы жазушы бұл туындысында халқымызың әдет-
ғұрпын, салт- дәстүрін айқын түрде бір сөзді екінші рет қайталамай, бай тілмен шебер суреттеп
жеткізе білген.
Қорыта айтқанда, өткенімізді ұлықтайық, тарихымызды ұмытпайық, бүгінімізді бағалай
білейік! Болашағымыз сонда ғана жарқын болатыны сөзсіз.
|