«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


«Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты». Талдап жаз



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата30.05.2024
өлшемі336.49 Kb.
#502130
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Эссе жинағы

9. «Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты». Талдап жаз
(Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл).
Ыбырай атамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған екі ғасырға жуық уақыт өтсе де мәнін
жоймаған тәрбие мен ғибратқа толы әңгімелері көп-ақ. Бұл әңгімелердің бір ерекшелігі –
жазушы жас ұрпаққа айтар өнегесі мен өсиетін ата мен баланың арасындағы әңгіме арқылы
өрбіте алған, яғни атаның, әкенің, ұлт ұстаздарының аузынан айтқызған. Ол қандай ғибраттар?
Міне, осыларды тақырыптарға жіктей отырып, талдау жасалық.
Ең алдымен еңбек тәрбиесі. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол
тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Міне, Ыбырай атамыз да
алғашқы әңгімелерінің бірін «Әке мен бала» деп атауы да тегін емес. Сынып қалған ескі тағаны
жерден көтергісі келмеген баласы әкесінің соңынан еріп келе жатып, әр түскен шиенің түйіріне
бірнеше рет еңкейеді. Әңгіменің түйіні – әкенің бір ауыз сөзі. «Азды қанағат тұтпасаң, көптен
құр қаларсың». «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде ауқатты отбасында өскен Асан мен
жоқшылық зардабын тартқан Үсенді салыстыра отырып, болашақ Үсендерде екенін
тұспалдайды, өйткені оны қиындықтан алып шыққан – әкесінің берген тәрбиесі. 
Екінші тәрбие – бағу мен қағудың мәні. «Бақша ағаштары» әңгімесінде баласының
сұрағына жауап берген әкесі «Бағусыз кетсең, сен де мына қисық біткен ағаштай қисық өсерсің»
деп, тәрбиесіз адамды жабайы өскен талға теңейді. Қазақта «Болатын бала алысқа қарайды»
деген мақал бар, алысқа қарау үшін ата тәрбиесі мен бойын тік ұстап, биік өсетін алтын діңгекті
ақсақалдардың ақылы керек екені даусыз.
Жазушының «Атымтай Жомарт» әңгімесінің кейіпкері Атымтай – тарихтан белгілі,
бойына имандылық жиған діндар кісі болған. Құран Кәрімде: «Сендердің малдарың да, бала-
шағаларың да сынақ ретінде берілді»,- делінеді. Ал қазақ халқында «Кісіні кейде таршылық
сынайды, Кейде баршылық сынайды»,-деген де мақал бар. Бұл жерде сынақ деп отырғанымыз –
байлығыңмен халықтан еркешеленбей, бөлінбей бірге болу, пенделікке салынып масаттанбау,
күнәдан аулақ болу. Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі
артады. Міне, осы қағиданы берік ұстанған Жомарттың ғибрат боларлық бір өнегесі – осы.
Қорыта айтқанда, Ыбырай Алтынсарин әңгімелері жас өрендерді еңбекке баулиды,
маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын үлгі етеді. «Шын данада тек жақсылық
болады, ал жамандық түсіне де кірмейді»,- депті М.Әуезов. Жақсы азамат болып өсу үшін әрбір
өренге данышпан Ыбырай атамыздың әңгімелерімен сусындап өсу қажет, бүгінде 180 жылдық
мерейтойы тойланғалы отырған сөз зергерінің мұралары әдебиетіміздің төрінен орын алу керек
деп есептеймін.


10. «Туған жер – адам өміріндегі киелі орын» тұжырымына қатысты өз көзқарасыңды білдіріп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет