14.
Әрекет – сыртқы және ішкі жоспарда іске асырылатын мақсатты
белсеңділік, қызмет бірлігі.
15.
Ұмыту – оқылған материалдың еске түсіру
мен елестету қабілетінің
біртіңдеп төмендеуін сипаттайтын процесс.
16.
Идиосикаризация – кейбір адамдарда басқа адамдарға қарағанда ол затқа
тітіркенушілік
пайда болатын ауру реакциясы, көтере алмаушылық.
17.
Ырықсыз сезім (инстинкт) – адамдар мен жануарлардың іс-әрекеттері мен
психикасының табиғи компоненттерінің жиынтығы.
18.
Индуктор – реципиентке хабарлама бағыттайтын субъект.
19.
Инфантилизм – ересек адамның психикасы мен іс-әрекетінде балалық
ерекшеліктердің сақталуы.
20.
Инсайт – маңызды қатынастар мен жағдайдың
жалпы құрлымындағы
кенеттен және өткен тәжірибеден шығарылмайтын түсінік, соның
нәтижесінде проблемаларды ойлап шешуге қол жеткізуге болады.
21.
Қызығушылық – тұлғаны қызметтің мақсатын
сезінуге бағыттауды
қамтамассыз ететін және сол арқылы бағдарлануға,
жаңа фактілермен
танысуға, шындықтың терең және толық бейнеленуіне әсер ететін тану
қажеттілігінің әсер ету формасы.
22.
Интенция – белгілі бір затқа бағытталған сана, ой.
23.
Ипохондрия – адамның өзінің денсаулығына деген шамадан тыс назардың
болу күйі және емделмейтін дерттің алдындағы қорқыныш сезімі.
24.
Катарсис – ғанибет алумен байланысты
адамға тазалау және әсемдеу
арқылы әсердің процесі мен нәтижесі.
25.
Достарыңызбен бөлісу: