47
Абай әлеуметтік тыныс-тіршілікке мүлде жаңа міндет жүктеді. Ол әлеуметтік ақиқатты
іздеді, бірақ бүгінге дейін шыңына шыққан әділетті әлеуметтік-қоғам болған емес. Сонда да
болса ел арасынан шыққан
біртуар тұлғалар Аристотель, Әл-Фарабиден бастап сол әділетті
қоғамға барар жолды көрсеткенмен әлеуметтік теңсіздіктің ізін жоғалта алмай келді. Абай «сөз
түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»
деп айта отырып, тыңдаушы мен оқырман қауымының
көркемдік-идеялық, эстетикалық талғамы өсуін талап етті, мұны өмірдің де, өнердің де
қажеттілігі деп санады.
ХІХ ғасырдың 60-жылдардағы қазақ арасына патшаның ендірген сайлау тәсілі,
жағымпаздық пен екіжүзділіктің түр-түрін көрсетті. Ақын бүкіл
дәуірдің болмысын айқын
аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Абайдың
барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескін-бейнесін
айқын көре аламыз.
Абай халық туралы сөйлегенде, ел жайын қозғағанда кейде «қазақ», «халық» көбінесе
«ел», «жұрт», «бұқара» деген сөздерді қолданады. Осы сөздердің
нақтылы мағынасы ылғи
бірдей болмай, айтылатын ойдың орайына қарай әр түрлі мағынада ақын шебер қолданады. Ел,
жұрт деген ұғымдарды қалың ел, қазақ жұрты, халық
деген кең мағынасында алып, бүкіл
халықты тұтас алып мінездеу үшін де қолданады. Мысалы,
«Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым», - деп басталатын өлеңді еске түсірсек жеткілікті. Ақын бейнесінің өзгешелігі алдымен
оның халықтың өмірін, тағдырын қалай түсіне білетініне байланысты. Ақын өзі жеке басын
айтқан болып ел
жайын толғайды, бүкіл халық, адамзат тағдырын ойлап толғанады.
Абайдың адам мен қоғам жайындағы ұстанымы, қазақ топырағындағы қазіргі тілмен
айтқанда жаңа инновацияның алғашқы қадымы еді. Абай
адамды қоғамдық өмірдің жемісі,
нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-әрекетін, өмір сүру
деңгейін, адамгершілік келбетін
әлеуметтік тұрмыспен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: