Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет58/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

танымындағы бөлек бағыт. Ұлы Абай Тәңір сөзін өз шығармашылығында өте көп қолданған 
және оны жай қолдана салмай құдіретті сөз, қасиетті ұғым деп қараған.
Ұлы Абайдың ұлы Әбдірахманның 27 жасында қайтыс болғанда жазған «Әбдірахман 
өліміне» атты өлеңінде  
Петербурда-ақ кідірмей, Біліпті 
дерттің барлығын.
Тәуекел қып білдірмей,
Күтіпті тәңірі жарлығын. – деген ақын, ұлының табандылығын, бойындағы таудай талап, 
өнер, білім барлығын өзінің орнын басатын жаңаның жаршысы болатынына бек сенген Абай 
тәңірі жарлығына бас иуден басқа шарасы жоқ екені аңғарылады.
Ұлы Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде 3 рет қайталанатын Тәңіріні тани 
алмай, мақсатсыз болғандарды шенейді «Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі», деп, келеді де «Өзіне 
құмар қылған оның әмірі» дейді. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» адамзат қай дінде 
болғанымен түп иесі болуымен жалғасады, данышпан ақын «түп иесі» деп, тәңіріні тануға меңзеп 
отыр.
Абайда кездесетін Тәңірі 34-қара сөзінде «Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, 
не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің 
несі сөз? Оның несі адам?» адамның бітім болмысы құр кеудем соқтықпен тұрмайды, 
айналаңдағы көзі ашықтардың ойымен санас, оның ғылымына жетуге асық сонда ғана сен 
адамсың дегенді меңзейді.


63 
Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының сегізінші тарауынан 
«Татьяина сөзін» 1888-1889 жылдары аударма жасаған Абай ұзақ аудармасын «Тәңірі қосқан жар 
едің сен» деп бастапты.
М.Ю.Лермонтовтың «Демон» поэмасынан 1898 жылы Абай аударған «Шайтан» үзіндісінде 
«Жалғыздық – бір тәңірінің сыбағасы» деп, жаратушы жалғыз, жаратушыға серік қоспау 
қағидасын ақын сақтап отыр.
Ойшыл Абай шығармашылығынан тәңірдің бірнеше мәнге ие сөздерін қарастырсақ өте көп 
түрлі мағанада кездеседі екен, оның барлығын талдап отыру қомақты зерттеуді талап етуі хақ.
Көп тәңірі атқан мақтай ма, Ол тәңірі атқан болмасы?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?;
Тәңірге жазу - ісі оңбау;
«Тәңірге жазып, мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп дуаналықпен бір күн болған буралық неге 
жарайды?» деген сөздермен қоса т.б. еңбектерінде кездесіп отырады. Абайдың алғашқы рухани 
бұлақ көзін 14 жасына дейін Зере мен Ұлжаннан және Барластан (Дулат Бабатайұлы) қала берді 
қазақ сахарасының өзі өнер мен салт-дәстүрге өлең мен жырға қанық болатын. Мұны айтып 
отыруымыздың себеп қазақ даласына ислам толық енбей тұрғанда бір жаратқан деп тәірге 
сенгендігін аңғартады.
«Айналайын құдай-ау» деп басталатын 1895 жылы жазылған Әбдірахманның әйелі
Мағышқа Абай шығарып берген 124 тармақтан тұратын жоқтауында Құдай сөзі 12 рет, Алла сөзі 
5 рет айтылады. Соның бірі «Өле алмай шыдап отырмын Зор құдайым салған соң» деген, 
жолдары қамыға берме, Мағашым! Асыл жарыңның баурларын ая, өзіңді ая құдайдан ақырын 
тіле, мен атаң да жетісіп отырған жоқ! Қасіретті көтермей қолымыздан келер шара қайсы. Бізді 
қамығып қайғырды деп Жаратқан үкімін өзгертпейді, басқа түскені осы екен болаттай болуға 
келінін шақырып тұр. Орыстың кемеңгер ақыны М.Ю.Лермонтовтың «Демон» поэмасынан 1898 
жылы Абай аударған «Шайтан» үзіндісінде «Мұңлы шайтан – құдайдың қуған жаны» деп, 
басталатын аудармасы:
Құдайым 
шайтансың 
деп, 
лағнет 
етті,
«Лағнетпен» де қор бола қаламын депті.
Алладан қарғыс алған кеудесінен
Сүю мен сол сағатта сенім кетті – бұл аудармасында ұлы
ойшыл Абай Лермонтовтың түпкі мұратын қазақтың дүние-танымына сай етіп адам 
санасынан тыс өмір сүретін мифологиялық кейіпкер шайтан, адамзаттың қас жауы жын, пері 
сияқты тұрпайы бейнелер үнемі Құдайдың қарғысына ұшырап жүретіндігі Абайдың осы 
еңбегінде қайталанған.
34-қара сөзінде кездесетін «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді 
жандыр демей, пәленшенікін әпер демек – ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге 
жәбір қылуына не лайығы бар?» деген Абай бес күндік ғұмырда бір-біріңе қонақсың, жауықпа 
тілеуді еткен еңбектен тіле деген.
Абай атап өтетін Құдай ұғымын тізіп көрелік: «Жақсылық, жамандықты жаратқан – құдай, 
бірақ қылдырған құдай емес, ауыруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, 


64 
кедейлікті жаратқан – құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес» деген ұлы Абай 28-қара 
сөзінде. Мұнда жалпы қазаққа қарата айтып отырғандығы байқалады, ақын өз халқының 
әрекетсіздігіне нали келе «құдайдың маңдайға жазғаны осы да» деп әрекетсіздігін қатты мінейді.
Адам баласын қайратсыздыққа жетелейтін қимылдарын баса айтып;
Қуат бітті, күн өтті,
Жарылқа, құдай жатқанды, - деген, осы өлеңінде өз халқының енжарлық мінезінен мезі 
болған ақынның айтары болмай әбден түңілгенін байқатады. Сонда да қазақтарына жаны аши 
келе өктемдеп:
Өмірін берген құдайым
Ажалын да беріпті.
Абай ұлы Әбдірахман дүние салғаннан кейін өзін-өзі жұбатуы, ет жақындарының елжірей 
бермеуін меңзеп; «Аплатон, Сократ, қаһарман Ғали, Ескендір, Темір, Шыңғыстардың қане 
қайсысы қалды бұл пәниде» деп өзіне-өзі басу айтады. Қажы атанған әкесі Құнанбай да Меккеден 
кесене салдырса да о дүниелік болғанын айта келе «Қажыны алған бұл өлім» деп аяқтайды.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады;
Құдай басқа салмасын – құдай көрсетпесін, душар етпесін.;
Құдайға жазу - әуре-сарсаңға түсу;
Демеймін мені мақтасын, Я жақсын, я 
жақпасын.
Сүйтсе де мұндай сыншыдан
Құдайым бізді сақтасын;
Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те 
орынсыз;
Әуелі құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан;
Құдай ұру – ант ұру, оңбау, сорлау;
«Кім де кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат 
болмайды» т.б. бірнеше шығармаларында Құдай сөзін жаратушы ие деген қасиетті ұғыммен 
қарайды.
Қазақ әдебеті тарихы; ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті 
өкілдерінің шығармаларында сопылық сарынның басым екені белгілі. Абай мен Шәкәрімнің 
шығармашылығында тұнып тұрған сопылық танымдары деп айтуға болады.
Мысалы Абай:
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі, Іштегі кірді 
қашырса, Адамның хикмет кеудесі.
Жүрек, көңіл, көкірек көзі сияқты тіркестер «ызаалы жүрек, долы қол» (Абай) сопылық 
әдебиетте тұрақты тіркеске айналды. Хақты тану, ғашықтық сезім, «Махабатсыз – дүние бос» 
(Абай) жарға адалдық, ақиқат шарабын ішу, шын беріліп масаң күйде болу, естен танып Алламен 
бірігіп кеткенін өзі де байқамау, өлмей тұрып өлу. Шариғатта берілген о дүниеде тіршілік бар 


65 
ұғымы исламнан алдын зорастрлық таным-сенімінде бар екендігін кейбір теолог ғалымдар жоққа 
шығармайды. Өйткені исламнан алдынғы о дүниелік болған зиялы қауымдардың жерленуінде 
ерекшелік бар екенін археолог ғалымдар анықтап отыр. Мәселен өлген қағанның мінген аты
қызметіндегі құлдары т.б. тіршілікке қажетті заттары қоса көмілген. Абайдың «Лай суға май 
бітпес қой өткенге» деген өлеңі сүйген ұлы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарған 
«Берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп, тұрады да, «Түп иесін көксемей бола ма екен» деген 
өлең тармақтарында о дүниеден туыс тауып ерте кеткеніне қайғырады. Ұлы ақынның осы өлең 
жолдарынан сопылық нанымын байқау қиын емес.
Абай Лермонтовтан аударған туындыларында байқалатын «Вадим» романынан үзінді, 
«Ол монастырь – сопылар тұрар жері. Кешкі қоңырау соғылған көптен бері» және «Босқа әуре 
боп келдің бе тағы мұнда» деп басталатын Лермонтовтың «Исповедь» атты поэмасында «Мейлің 
өзің, монастырь қылған істі, Алла ісі деп көңліңде көрсең күшті.» деп, Лермонтовтың Құдайды 
тәнге айналдырған христиан дініндегі адамдар арасында Иса болып өмір сүрген ұғымды 
М.Әуезов айтқандай: «Абайда Батыстан кірген белгіден гөрі Шығыс белгісі басымырақ, 
нығырақ, Батысқа келгенде ол арқасын Шығысқа, ақылмен қорытып алған мұсылмандыққа иық 
тіреп алып келеді» деген қазақ ақыны, өз халқының діні исламдағы сопылық ағыммен 
байланыстыра бере білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет