3. Абайдың түркі-парсы-түркі өркениетінің тоқырау және құлдырау кезеңіне (XVII-
XIX ғғ.) қатысты ой-пікірлері
Араб-парсы-түркі өркениетінің тоқырауы құлдырауға ұласқанын шығыс ойшылдары бірден
байқаған жоқ. Оның халықаралық қатынастағы, саяси, әскери тартыстағы нақты көріністері әрі
қарай тоқталмайтын заңдылыққа ұласқаннан соң, XVIII ғасырдың соңынан бас-тап қана әуелі
мемлекетті, әскерді басқару ісіне жаңалықтарды енгізе бастады. Рухани әлемінің дайындығы
тағы бір ғасырға жақын уақытты алды.Абайдың кемелдену жылдарында түркі халықтарының
97
ұзақ тербелістен кейін «ояну» кезеңі де келіп жетті. Таңғажайып тарихи құбылыс: түркі
халықтары кең географиялық аймақта біз мезетте оянды. Ресей империясында 1881 жылы
Исмаил Ғаспыралы «Орыс мұсылмандығы» қағидаларын жариялап, 1883 жылы Қырымдағы
Бақшасарайда бір бетін түркі, бір бетін орыс тілінде түркілердің алғашқы тәуелсіз басылымы
«Тәржіман» газетін шығара бастаса, Еуразия даласының шығысында, Семей жерінде ұлы
Абайдың түркі халықтарында теңдесі жоқ көркем де тұнұқ, жаңа сипаттағы реалистік,
дүниетанымдық поэзиясы өмірге де сол 1881-1883 жылдары жаралды. Яғни, батыстағы Балкан
түбегінен Оңтүстік және Шығыс Сібірге, Моңғолия мен Қытайға дейін созылып жатқан Еуразия
кеңістігінде жаңа тұрпатты, әлемдік маңызы бар мәдени бетбұрысты бастаушылар шығыста Абай
Құнанбайұлы, батыста Исмаил Гаспыралы маңдайларына бұйырды.
Абай заманы қазақтың түркі-моңғол өркениетінен алыстап кеткен, араб-парсы-түркі
өркениетінен әлі шықпаған, шығыс славян-түркі өркениетіне әлі кірмеген заман-тын. Абай сол
себепті соңғы екі өркениетті ұштастыра білді. Өзі «мен ескінің арты едім» деп айтқандай, күдігі
мен қаупі көп жаңа өркениетке заман талабын сезіне реформаторлық жолмен айқара есік ашқан
еді. Абай еуропалық ойшылдар мен ғылым иелерінің шығармаларымен, Батыс елдерінің
көптеген жауһар рухани қазынасымен көбінесе XIX ғасырдың 80-жылдардың ортасында, өз жасы
қырыққа жеткенде танысты.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң
түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім», - деп оның алдындағы жылдарға өкініш
білдіргені де осыдан. Объективті себебі - Семейде қоғамдық кітапхана мен музейдің ашылғаны
да 1883 жыл еді. Абай кітапханаға негізінен 70-80-жылдарда жиыстырыла бастаған басылымдар
арқылы танысты. Аракідік Абай қай басылымдарды оқыған деген сұрақтар қойылып жатады,
бірақ абайтанушылардың бұл мәселені зерделеуі кешігуде. Атап айтқанда, Абайдың қолына
француз философы Огюст Конттың 1851-1854 жж. француз тілінде шыққан «Позитивті саясат
жүйесі» төрт томдығы түспесе де, ол философиялық жүйеге орыс тілінде талдау жасалынып,
1867, 1873, 1877 жж. жарыққа шыққан кітаптар [13] Семейге де жеткен.Абайдың философиялық,
тарихи ой-пікірлерінің қалыптасуына эволюционисттердің еңбектері әсер етті. Жер бетіндегі
тірліктің кең панорамалы дамуын көрсеткен Чарльз Дарвиннің ілімімен [14], оның «қабаған иті»
атанған Томас Гекслидің жазғандарымен де [15] таныс болған. Философияда өз бағытын
ұстанған ағылшын Джордж Льюистің шығармасын да қараған [16].Америкалық Джон
Дрейпердің 1866 ж. орысшаға аударылып шыққан «Еуропа ойы дамуының тарихы»
қостомдығының 1873-1874 жж. және 1880, 1885 жж. қайта жариялануы [17] бұл кітаптармен
Абайдың жете танысуына жағдай туғызды. Ағылшын Генри Бокльдің «Англиядағы өркениет
тарихы» қостомдығы да орысша бірнеше мәрте – 1862-1864, 1866, 1874-
1875 жж. жарияланып [18], Семейдегі қоғамдық кітапхананың рухани игілігіне айналған.
Ағылшын Герберт Спенсердің «Әлеуметтік статика: адамзат бақытын қамтамасыз ететін
әлеуметтік заңдарды баяндау» шығармасы 1872 ж. жарияланды [19]. Семей кітапханасында
француз Ипполит Тэннің 1866, 1872 және 1876 жж. орысшаға аударылып жарыққа шыққан
бірнеше кітаптары болған [20]. Солар арқылы Абай бұл философ пен эстеттің өнер туралы
ілімімен және ағылшын әдебиетінің тарихымен таныса алған. Бұл шығармалардың нақты қай
жылғы басылымдарын Абай оқығанын зерделей түсуге ізденістер әлі жасалына бермек.Абай «он
тоғызыншы ғасырдың ағылшын тілді ең ықпалды философы» атанған Джон Милльдің
98
зерттеулеріне үңілді. Тарихи танымын тереңдете түскен Абай жеке зерттеулермен қатар Ресей
империясында шығып тұрған мерзімді баспасөз, журналдардағы тарих деректеріне ден қояды.
Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болған Абай «Вестник Европы» журналында
18731874 жж. жарияланған О. Россельдің «Джон Стюарт Милль и его школа» мақалалар
топтамасын да [21] зерделеді деуге деректік негіз бар.Бұл жерде біз «Абай кітапханасы қандай
кітаптардан тұрды» деген сұраққа жауап бере отырып, Абай шығармаларын зерделеді деген
бірнеше ғалымдарды атаған 1885 ж. деректерді [22] тағы да ескере, Семей кітапханасындағы
нақты басылымдарды көрсеткен жайымыз бар. Батыс өркениетінің жетістіктеріне үңілген Абай
қоғамдық ой мен тарихи көзқарастарын қалыптастыруда әсіресе позитивизмдегі Огюст Конт,
саяси экономияда Джон Милль белгілі бір ықпал етті. Милльдің қоғамдағы әлеуметтік үйлесімге
жету, мемлекеттің соған байланысты табысы аз, әлсіз әлеуметтік топтарды мейлінше қолдау
миссиясы болуы тиіс деген идеясын Абай әлеуметтік теңсіздікті ымырасыз күрес арқылы шешуді
ұсынған теориядан артық көрді. Марксизм үстемдік етіп тұрған кеңестік заманда Абайдың тап
күресі идеологиясын құптамаған бұл көзқарасы дәріптелмегені түсінікті жағдай. Абай
революцияшыл идеологтардың шығармаларына санасын жеткізе алмады деген жорамалдарымен
шектеліп бақты. Ал, Абай оның бәрін білген, бірақ таптық идеология қоғамды күйзелтіп, рухани
сабақтастықты үзіп, әлемді жаңғыртуға тиімсіз жол деп есептеген, келер қауіпті де сезген.Бұл
орайда Абайдың жылдар бойы қасында жүрген Көкбай ақынның: Абайдан құлағыма бұрын тиген
Дүние болады деп бір тайталас, – деп, кезінде көпшілік мән бермеген Абай сөзін еске алғанын
атаймыз. Аталған зерттеулердің көбі дүниетаным мен тарихқа арналған, сол арқылы Абай жаңа
замандағы тарихтың сан алуан құбылыстарын байқап, туған халқының даму жолына түсуін
аңсайды, оған жетер жолды көріп, ол үшін ел ішінде ғылым мен білімге деген сұраныс болуы
қажет деп есептейді. Абай трагедиясының үлкені де осында - отарлық езгіге түсіп кеткен, «өз
басына би болған өңкей қиқым сиқын алған», берекесін кетірген халық әлемдік өркениет биігіне
көтерілуге ол заманда дайын емес.
«Өздеріңді түзелер дей алмаймын,Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың», – деп кейіс білдіруі
сондықтан. Абай ертедегі қазақ жырауларының шығармаларындағы тарих та толық жетпегеніне,
қазақ ақындарының дәстүрлі поэзия өрнектерін ғана ұстанып, әлемдік өркениеттегі құбылыстар
оларды толғандыра алмауына, өзінің алдындағы Дулат ақын мен Шортанбай ақынның патша
отаршылығын сынаған кітаптарын [23] шығарушылар сөздеріне өз сөздерін қосып, баспадан
«бірі жамау, бірі құрау» болып шыққанына кейіс білдірген [3: 94]. Абайдың әлемдегі озық ойлы
туындыгерлер зерттеулерімен танысуына Қазақстанда алғаш ашылған Семей қоғамдық
кітапханасының тұрақты оқырманы болуы, оның кітап қорының бай болуы әсер етті. Еуропа
тілдерінен аударылып, Абай оқып, зерделеген шығармалардың барлығы дерлік империя
астанасында – Санкт-Петербургте шыққан. Абай араласып, пікірлес болған, Ресейдегі саяси
қозғалыстар мен ұйымдарға қатысып, сол себепті Сібір мен Қазақстанға қудаланған, әртектілік
әлеуметтік ортадан шыққан орыс, еврей, поляк, неміс интеллигенция өкілдерінің құлшынысымен
жинақталған сан-алуан ғылыми әдебиет Семей статистикалық комитетінен, кітапханасынан және
музейінен алып оқылды. Тарихи танымды қалыптастырған әдебиеттің бір тобы Ресейдегі
императорлық қоғамдар, әсіресе Ресей географиялық қоғамы шығарған кітаптардан,
этнографиялық және Сібір басылымдарынан келіп жатты.Сол басылымдар арқылы Сібірдегі
түркі халықтарының да тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, қазаққа туыстығы Абайға жақсы таныс
99
болды. Бұл ретте Абай Василий Радловтың, Григорий Потаниннің, Николай Ядринцевтің, ж.б.
зерт-теулермен [24] таныстығы байқалады. Енисей губерниясы Минусинск үйезіндегі «ясашный
татарды», немесе Бийск пен Кузнецктегі түркілер мен қалмақтардан мысал келтіруі бұл жөнінде
жақсы дәлел.Абай ой-өрісінің әлемдік деңгейге шығуына жәрдемдескен оның достары ішінде
ерекше әсер еткен деп абайтанушылар, әрине, жаратылыстанушы ғалым Евгений Михаэлисті
атайды. Михаэлистің тегі - заманында Балтияға қоныс тепкен орыстанған неміс отбасынан. 1869
жылдан бастап облыстық басқармада іс жүргізуші көмекшісі қызметіне алынған, одан кейін жеке
тапсырмаларды орындайтын кіші шенді қызметті атқарған Е. Михаэлис Семейде өлкенің мәдени
дамуында терең із қалдырды.
Абаймен достығы оның 1871 жылы Күшік-Тобықты, 1872 жылы Қоңыр-Көкше Тобықты
болыстарында болған жылдары басталса керек. Абай орыс тілін жетік меңгергенше империя
тарихы мен оның ішкі жағдайы туралы көп мағлұмат Семейге келген Абайға Михаэлистен жетіп
отырды. Е. Михаэлис 1882 ж Өскеменге қоныс аударғаннан кейін ол өзінің бойындағы дарынды,
ғылыми мүмкіндіктерін бірнеше сала бойынша өлкені зерттеуге жұмсады. Абай мен
Михаэлистің достығы Өскеменде де жалғасқан. Империяның ішкі және сыртқы саясатына
Абайдың сын көзбен қарауына, отаршылықты халықты еркінен айыру деп түсінуіне оқымысты
достары да өздерінің өмір тәжірибелерінен ой қосып отырды. Бұл ретте 80-жылдары жастары
кіші поляк С. Гросс, орыс А. Леонтьев қазақтың дәстүрлі құқығы туралы деректер жинауда
Абайдан мол мағлұмат алып отырған. Бұлардан да жастау балтиялық еврей А. Блек 1883-1884
және 1887-1888 жж. Абай қасынан табылып, пікірлесіп отырды. Абайдың ұстаздығы, сонымен,
өз еліндегі шәкірттермен шектелмейді. Ол еуропалық достарын қазақ тарихы мен тұрмысы
туралы деректермен байытты.
Абайдыңдүниетанымға, тарихқа, мәдениетке, өнерге құлшынысын оның сырлас
достарығана байқап қалған жоқ. Семей облысын басқарған кейбір лауазымды адамдар да
ізденістеріне оң қабақ танытқан деп айтааламыз. Семей облысының 60-80-жылдардағы әскери
губернаторларынан Семейдегі қызметі аз уақытты қамтыған инфантериядан генерал Г.А.
Колпаковский (1865-1867 жж.) сол кезде және одан кейін жаратылыстану, антропология,
этнография қоғамдарының, генерал-лейтенант И.Ф.Бабков (1867-1868) география қоғамының
мүшесі болған, олардан кейін қалада он жыл тұрақтаған генерал-лейтенант В.А. Полторацкий
(1868-1878) өлкедегі бірнеше географиялық экспедицияларға қатысты. Семейдегі, сол кездегі
Қазақстандағы ең бай кітапхана қорының қалыптасуына олар өз үлестерін қосты. Абайдың
ғылыми ізденіс жүргізген жылдары әскери губернаторлар болған генералдар А.П.Троценко
(1878-1883), В.С.Циклинский (1883-1887), А.Ф. Карпов (1891-1901) те Семейді кітаппен
байытуда ықпалды деп есептеуге негіз бар.
Туған халқының отарлық езгіден шығу жолдарын қарастырғанда Абай алғышарттар
ретінде оқу-білім, ғылым арқылы рухани жетілу қажеттігін мейлінше сезінді және осыны өз
шығармашылығында дәріптеді. Өзі кітап мәдениетіне жасынан бой ұрғанКөкбай ақынның
Абайдың реформаторлығы туралы айтқаны бар ғой: «Абай марқұм ескіге ермеуші еді, Ескіні
онша жақсы көрмеуші еді. Мысырдан төте жолмен оқу шықты,Сол қашан келеді деп шөлдеуші
еді».
Түсінігімізде, бұл Қырымда Ғаспыралы бастаған жаңа, дыбыстық оқу жүйесін де құп көріп,
онымен бірге Исламбұл мен Мысырдан келетін танымдық әдебиетті де аңсауы. Шығыс
100
елдеріндегі оң құбылыс, жаңару жолдарын іздестірген тұлғалар болса, олардың игі істерін үлгі
қылып көрсетуге тырыс-ты. Міне, осы тұрғыда, Абай өз замандасы, Иранның шаһы
Нәсіреддиннің реформаторлық қайраткерлігін тарихпен, тегімен байланыстыра сөйлейді. XVIII
ғасырда атағы шыққан Нәдір шаһ афшар, Нәсіреддин шаһ қажар тайпасынан шыққан, аталары
қазақтың аталары сияқты «Маңғұлдан» [Моңғолиядан] келген. Ғылымда арғы тегі белгісіз,
аталары Хулагудың XIII ғасыр ортасындағы Иранды жаулап алған жорығы кезінде келген деген
жорамал бар. Абай да сол себепті: «Біздің қазақтың Маңғұлдан шықпақтығы бізге ұят емес, бірақ
біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз ұят», «Кім жетсе – табады, өнерімен жетеді. Оларға
атаң қалмақ деп кім бөгет болады?» [2:226-227] - деп тарих дерегіне сүйенген ойын түйеді.
Шартарап әлемнің шолған, адамзат құндылықтарын бойына сіңірген Абай тарихты зерделегенде
әр топырақта жаралған тарих түсініктері оның тарихи көзқарастарын қалыптастырды. Абай
Шығысәлемінен де, Батысәлемінен де сергекақылғасүйенген, рационалды, позитивті,
адамзаттыдамуынаигіықпалетертанымдыіздеді.Ежелгі және ортағасырлық Қытайдың әулеттік
тарихнамаларынан бірін-бірі ауыстырған замандар дөңгелекті өзгерісті – жаралу, өрлеу, жетілу,
тоқырау, құлдырау, қайта жандану – қайта айналып келеді деген тарихшыларының түсініктерін
көрді. Араб, парсы, түркі тарихнамаларынан елді басқарғанда дара, дана тұлғаның алға сүйреп,
халықтарға игілік сыйлайтынын, жауыз билеуші елдің берекесін кетіріп, тоздырып, бөлшектеп,
аздыратынын көрді. Еуропа тарихшыларының еңбектерінен қоғамның технологиялық дамуы,
әскер күшінің реттілігі, көпшіліктің мәдени жетілуі, ағартушылық пен ғылымның жетістіктері
империяларға қызмет етіп, дамыған елдерді алдыға шығарып, бағынышты қылғандарды
қараңғылықта ұстап дамытпай, тарихы жоқ елдер қатарына қосқан түсініктердің таралғанын
көрді. Қазақтың дәстүрлі тарихи түсінігінде адамның өз қауымымен бейбіт өмір мен
шапқыншылықтан өзге өзгермейтін, тұрақты тарих сахнасында өзгермей жүретін, тек «алдыңғы
толқын ағалар, кейінгі толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» өз халқы тұрды.
Тарихтың тәжірибесі арқылы Абай халқының алдыда тұрған неше түрлі зұлматтан
сескенді, халықты аман алып шығудың экономикалық, саяси, мәдени жетілу жолына үндеді.
Абайдың тарихи көзқарастары ұлы ақын және ойшылдың поэзиясын да, қара сөздерін мейлінше
ұғуға да жол ашады. Абай тарих деректері мен ғылыми әдебиетті, әсіресе, әкесі Құнанбай ел
билігін балаларына қалдырған 1871-1873 жж. бастап терең зерделей бастаған. 70-жылдардағы
ғылымға құштар ізденістерін 1883 ж. Семейде қоғамдық кітапхана ашылғанда тереңдете түседі.
70-80-жылдары Абай көп жылдар бойы сусындаған Шығыс ғылымын Батыс ғылымымен
ұштастырады. 1881-1883 жылдардың өзінде жаңашыл шығармашылығымен, реформа-торлық
көзқарасымен түркі әлемі мәдениетінің заманға сай жаңғыруының көшбасшы тұлғасы-ның біріне
айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |