Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет118/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚАРАҚҦЛ (Каракул– қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ҚАРАҚҦМ (Каракум) – а., қҧм. алқ., Бейнеу ауданы, Каспий теңізінің солт.-
шығысында және Тҥпқараған ауданында. Атау қара (сын есім) және қҧм (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Топонимдік мағынасы: «ӛсімдік ӛскен қҧмды 
алқап». 
ҚАРАҚЫЗ (Каракыз) – қ., жота, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және қыз 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Топонимикалық еңбектерде қыз – қыр 
мағынасындағы сӛз, з мен р дыбыстары ауыспалы дыбыстар деп аталады (Э.Мурзаев, 
1974,198). Сонда атаудың мағынасы: «тасы, топырағы қара тҥсті созылып жатқан биік 
жер». 
ҚАРАҚЫЗЫЛСАЙ (Каракызылсай) – жыра, Қарақия ауданы. Атау қара (сын есім) 
және қызыл (сын есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«ҥлкен қызыл тҥсті сай». 
ҚАРАМАЙ (Карамай) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және май (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Е.Қойшыбаевтың сӛздігінде май сӛзіне 
ежелгі тҥркілік нанымдарға орай «әулие (қасиетті) деген мағына берілген. Осыған 
орай, атау: «ескі қасиетті мола» мағынасын беруі мҥмкін. 
ҚАРАМАНАТА (Караманата) – киелі ор., Қарақия ауд-ы, Маңғыстау тҥбегінің 
орталық бӛлігінде. «Аңыз бойынша, Қараман ата Шопан атаның інсі екен делінеді. Екі 
мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт ӛте қҧлап қалған. 
М.Меңдіқҧлов Қараманата мешітінің салыну кезеңін XIII ғасырға жатқызады» 
(Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 370). «Маңғыстаулық тҥрікмендердің аңызында
Қараман есімі Қожа Ахмет Йассауи тӛңірегіне қатысты әңгімелерде айтылады. Мҧнда 
Ақман мен Қараман деген екі жігіттің Қожа Ахметке жала жауып, қараламақ болғаны, 
сол ҥшін Ахметтің оларды итке айналдырып жібергені, екі иттің абдал руының 
адамдарын Тҥркістаннан Маңғыстауға дейін қуып әкелгені туралы баяндалады 
(С.Қондыбаев, 2000, 30). Қараман ата маңғыстаулық қазақтар тарихында «Қараман 
атадағы анттасу» деген оқиғамен белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет