Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет23/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Саяси жүйелердің түрлері. Саяси жүйелердің пайда бола-
тын əлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе 
түрлері болады: тоталитарлық, либералдық-демократиялық жəне 
аралас жүйелер; ал өзара байланысу сипатына қарай ашық жəне 
жабық саяси жүйелер болады.
3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі. 
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы
емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөлік ретінде 
кіреді. Ол өз функцияларын басқа əлеуметтік инстиуттармен, пар-
тиялармен, кəсіптік одақтармен, жергілікті басқару органдарымен 
бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иелен-
ген, себебі: 
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгісі бойынша 
біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады; 
ə) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады; 
б) қоғамды басқаруға бағытталған əлеуметтік аппараты бо-
лады; 
в) қарулы құрылымдары болады; 
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополияға ие; 
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығына (мемле-
кеттік меншік, бюджет, валюта жəне т.б.) ие.
№ 14 кесте 
Қоғамның саяси жүйесі 
Бұл елдің мемлекеттік жəне қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, мемлекеттік жəне 
қоғамдық ұйымдары мен институттарының жиынтығы 
Мемлекет 
Қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар 
мен қозғалыстар, кəсіби одақтар, 
əйелдер, жастар ұйымдары) 
Құрылымы 


10 тақырып.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ 
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі жəне қағидалары. 
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағи-
дасы ретінде. 
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі. 
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі жəне қағидалары. Құқықтық 
мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандық-
тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушы-
лықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен 
мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мəнін қарастыруда оның негізгі екі 
жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады: 
1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, 
тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан кө-
рінеді; 
2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен бай-
ланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу 
режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да 
жатады: 
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны 
заңшығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлу; 
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық 
конституциялық тəртіптерді сақтай отырып қабылданған заң 
атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі 
жəне тоқтатылуы мүмкін емес; 
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі; 
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің жоғары 
деңгейі; 
- азаматтық қоғамның болуы жəне тарапынан құқық субъек-
тілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет