Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы



Pdf көрінісі
бет26/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Азаматтық қоғамның түсінігі жəне құрылымы. «Азамат-
тық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, 
Дж.Локк, Гегель, Маркс жəне т.б. ойшылдар қалыптастырған. 
Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам 
идеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жеке 
тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын Адам-
гершілік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-
туттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді: 
1) мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен 
институттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік); 
2) мемлекеттен тəуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке 
фирмалар жəне т.б.); 
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 


4) саяси партиялар мен қозғалыстар; 
5) тəрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы; 
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі; 
7) отбасы; 
8) шіркеу жəне т.б. 
Азаматтық қоғамның белгілері: 
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлін-
ше толық қамтамасыз етілуі; 
- өзін-өзі басқару; 
- оның құрылымдары мен адамдардың əртүрлі топтарының бə-
секелестігі; 
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм; 
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығы-
ның шын мəнінде жүзеге асырылуы; 
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік 
аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады); 
- экономиканың көпжақтылығы; 
- биліктің заңды жəне демократиялық сипаты; 
- құқықтық мемлекет; 
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін 
мемлекеттің күшті əлеуметтік саясаты жəне т.б.


№ 16 кесте 
Азаматтық қоғам – бұл адамгершілік, діни, ұлттық əлеуметтік-экономикалық, 
жанұялық қатынастар мен институттардың жиынтығы, солардың көмегімен жеке 
тұлғалар мен олардың топтарының мүдделері канағаттандырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет