Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы



Pdf көрінісі
бет45/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы. Эконо-
миика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қо-
ғамдағы өндіріс тəсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар 
арасындағы билік мəселесіне қатысты мемлекет пен халық ара-
сындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. 
Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз 
етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға 
міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі 
бағыт бар. Бірінші бағытқа сəйкес, бұл түсініктердің арасында 
ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынас-
тардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық жəне саяси қатынас-
тардың, дамуы мен əрекет етуінің алғашқы факторлары болып 
адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың эконо-
микадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуа-
зиялық революциялар дəуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар 
қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа эконо-
микалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері кері-
сінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда 
жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. 
Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға 
болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып 
табылады.
Екінші бағытқа сəйкес, экономика құқық пен саясатты анық-
тайды. Құқық пен саясат базиске тəуелді болып келеді. Алайда, 
бұл басымдық рөл тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, 
құқық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қаты-
настардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау 


арқылы оған кері əсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық 
пен экономиканы байланыстырушы болып табылады. 
№ 23 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет