Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы



Pdf көрінісі
бет42/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін 
(саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Құқық саласының белгілері; 
- əрбір саланың өз пəні болады; 
- əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады; 
- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқық-
тар мен міндеттерді жүзеге асыру тəсілдерін жəне құқықтық нор-
маларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық ша-
раларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.
Құқық салаларының түрлері: 
1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, 
жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында консти-
туциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар – азаматтық, 
қылмыстық, əкімшілік құқықтар жəне оларға сəйкес іс жүргізу-
шілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүр-
гізушілік жəне əкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан; 
2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның 
ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, 
қаржылық құқық, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы 
құқығы, түзеу-еңбек құқығы; 
3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардың 
əртүрлі институттарының бірігуі тəн: шаруашылық құқық, аграр-
лық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қа-
дағалау, теңіз құқығы.
4. Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі 
бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық 
институты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз 
жиынтығы. Əрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. 
Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тəртібі институты, жалақы 
институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік 


институты жəне т.б.
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инс-
тиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табы-
лады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қаты-
настарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы 
нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер-
дің тарауларында, бөлімдерінде жəне басқа да құрылымдық бір-
ліктерінде жинақталуы.
 
 
№ 22 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет