Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет115/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135
Некеден кейін

 
2-ші ережеӨзіңізге арнайы ас мәзірін жасап қойыңыз. Ең 
бірінші күннен солай өзіңізді үйртесеңіз, сізді «не істеймін, 
қандай тамақт жасаймын» деген ойлар мазаламайтын 
болады. Және алғашқы күндері бар білетініңізді көрсетіп, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
242 
сосын түгіңіз қалмайтын жағдайға жетпейсіз. Мәзірдің 
мысалын келтірейін: 
• Дүйсенбі: жеңіл сорпа, етпен бәліш, салат (өзіңіз 
атауын жазарсыз) 
• Сейсенбі: майлы тағам, десерт 
• Сәрсенбі: жеңіл сорпа, пирожки (выпечка) салат 
• Бейсенбі: қамырдан тағам, десерт 
• Жұма: жеңіл сорпа, бәліш 
• Сенбі: оңай тағам 
• Жексенбі: оңай тағам 
Бұл мәзірді қалағаныңызша өзгертіп, әр күнге 
тағамның атын жазып қоя аласыз. Мысалы, біздің үйде 1 
күн ауыр тамақ, 1 күн жеңіл тамақ. Аптасына 2 рет бәліш, 
торт сияқты пісіремін. Одан көп емес. Бұл мен үшін норма, 
және мені шаршатпайды. 
 
3. Қателік. Өз үйіңіздің ережесін жаңа келіндік үйге 
қолдану.
Сіз келмей тұрып ол үйдің заттарының өз орындары, үй 
жинау ережесі, ыдыс жуу технологиясы, тіпті, кір жуудың 
өз принциптері болды. Мүмкін, сіздің үйіңізде кір киімді 
жинамай, бірден сол күні жуатын, ал күйеуіңіздің үйінде 
кірді жинап, аптасына тек бір рет жуатын шығар. Немесе 
сіздің үйіңізде бірінші пол жуып, сосын пылесостайтын, ал 
енеңіз бірінші пол жуып, сосын ғана шаң сүртетін шығар. 
Егер сіз үйге өзіңіздің ережелеріңізді орната бастасаңыз, 
өзіңіз қалағандай бәрін жасап бастасаңыз, онда енеңіздің 
көзіне бірден жаман жақтан түсуіңіз мүмкін. Араңызда 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
243 
«раппорт» болмайды, яғни енеңізден өзгешеленіп 
тұрсаңыз, ол сізге сенім артпайтын болады. Келін болу- 
сол үйдің ережесін, заңын, принциптерін толық қабылдау, 
мойынсұну және өзгертуге тырыспау. Сіз ата-ененің сатып 
алынған үйінде тұрсаңыз, онда ол үйге бағынуға тиістісіз. 
Ал өз ақшаңызға алынған үйде тұрсаңыздар, онда сол 
үйдің ережесін жазатын өзіңіз боласыз. Сонымен, ененің 
үй шаруасына көзқарасы сіздікінен өзгеше дедік. Не 
істейміз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет