Ақша маңызды ма, күйеумен жақсы қарым-қатынас
маңызды ма?
Ақша сіз үшін не нәрсе?
Ақша ұрысуға тұрарлық дүние ме?
Міне, осы сұрақтар мені кезінде ойландырды. Аллаһ
Тағала отбасыға ризықты әйелден де, еркектен де бере
алады. Сіздің табысыңыз 5 есе көп бола алады. Сіз ол
ақшаны ойнап жүріп таба аласыз. Аллаһ сіздің
отбасыңызға сіз арқылы 5 есе көп ризық беріп тұр. Ал
сіз ол ризықты күйеуден қызғанасыз. Ол ақша отбасыға
жұмсалмаса, басқа қайда жұмсала алады? Ақша
соншалықты қымбат дүние ме, оны тығып, жасырып, тек
өзіңіз ғана рахатын көретіндей? Ақша деген не үшін
жаратылды? Қажеттілікті өтеу үшін ғана. Сіздің әдемі
киім киім, әдемі тамақ жеп, әдемі үйде тұру деген
қажеттілігіңіз бар ма? Сол ақша осы қажеттілікті өтеу
үшін келіп тұр ғой. Неге сіздің сол қажеттілігіңізді
шамадас тыс еркек өтеу керек? Сізде ата-енеден бөлек
тұру деген қажеттілік бар. Еріңіз бірақ ол қажеттілікті
өтегісі келмейді, себебі ақшасы жоқ, ақшасы
жетпейді.сіз еріңізді ол үшін кіналап, оған ренжи
алмайсыз. Себебі еркектің қажеттілігі емес ол, еріңіз
үшін ата-енемен тұру норма. Егер сіз көшкіңіз келсе, сіз
өз қажеттілігіңізді өтеу үшін өзіңіздің жағдайыңызды
жасауыңыз керек. Яғни пәтер жалдауға ақша тауып, ол
пәтерге күйеуіңізді шақыра аласыз. «жаным, менің
бөлек тұрғым келеді. Бұл тек менің қалауым
болғандықтан пәтерді өз мойныма аламын, көшейік» деп
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
103
айта аласыз. Немесе, үйге қымбат ыдыс алғыңыз келсе,
бұл тек қана сіздің қажеттілігіңіз, еркек үшін бәрібір
қандай ыдыспен тамақ ішсе де, ер адамды ыдыс алуға
ақша бермейді деп кіналауға болмайды, себебі ол тек
сіздің қалауыңыз, тек сіздің қажеттілігіңіз. Өз
қажеттілігіңізді өтеу үшін, өз жағдайыңызды жаай
алуыңыз керек. Яғни ақша тауып бастап, өзіңіздің
қалауларыңызды өзіңіз орындай бастайсыз. Еріңізден
күтіп, ал ол ештеңе істемесе, еріңізді жек көре
бастайсыз. Меніңше, ер адамды жек көріп жүргенше,
өзіңіздің өміріңізге өзіңіз жауапты болып, ал еркекпен
ақшаны жәй ғана байланыстырмау керек. Яғни ер
адамды ақша үшін сөкпей, ризықты тек Алладан сұрау
керек.
Менің табысым жеңіл, және жақсы болғандықтан,
іштей
ойландым.
Кімнен
қызғанамын?
Неге
қызғанамын? «Бұл ақшаны Аллаһ әдейі жеңіл жолмен
жіберіп жатқан шығар, мен ақшаны қызғанып жүріп өз
ризығымды өзім көбейте алмай жүрген шығармын» деп
ойландым. Ақша жәй ғана қағаз ғой, ол қағазды
компьютер арқылы шығарады, қағазды сурет қып сала
салады, ал адам оны соншалықты құнды көріп, тіпті
күйеумен арасын сол үшін бұзады, сол үшін ажырасады.
Мені бұл шошытты. Күйеумен қарым-қатынасым мен
үшін ақшадан жүз есе маңызды. «Бүгіннен бастап маған
Алладан келген ризық, табыс- күйеуіммен ортақ болады,
мен ақшамды көршіден, көшеден, туыстан, сұраған
жаннан, күйеуден, ешкімнен қызғанбаймын» ,«Және бұл
ұстанымым дұрыс болса, табысым күннен күнге өсетін
болады» деп өзіме айттым. Ол күннен бастап күніге осы
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
104
сөздерді бірнеше мәрте қайталап бастадым. Сенесіз бе,
менің табысым сол кезден кейін қазірге дейін 15 есе өсті.
15 есе! Менен көрші сұраса да, туыс сұраса да, күйеу
сұраса да, ешкімнен ақшамды қызғанбай, қанша
сұрағанын қарызға емес, сыйлық қылып бере саламын.
Артынан қайтарымын тек қана табысымнан, Алладан
күтемін. Бұл менің энергиямды жеуден қорғайды, және
ақшаға жәй ғана қағазға қарағандай мүмкіндік береді.
Мен қағазды елден не үшін қызғанамын? Сол кезден
бастап менің ойым түбегейлі өзгерді. Ақшаны Алла
жаратты, ризықты Алла береді, ал мен Алланың беретін
ризығына «бітіп қалады» деп қорықсам, онда Алланың
Мейірімі бітіп қалады деп қорқамын ғой?! Бұл
қорқынышты ойлар тіпті күнәға да алып келе алады.
Алланың ризығы шексіз, сондықтан менде соңғы 5 мың
теңге қалса да, ол ақшаны тамаққа, күйеуге, балаға,
өзіме, тіпті көшедегі адам сұрағанға жұмсау керек болса,
мүлдем ашуланбай соңғы 5 мың теңгемді жұмсай
саламын. Бастапқы уақытта іштей қорқыныш болатын,
ертең ақша керек болып қалса ше деген, бірақ бұл ой
шайтаннан. Кеше қалай келіп еді сол 5 мың теңге, ертең
де солай келеді. Және сондай қорқыныш пайда болғанда
бірден «Ақшамен жеңіл қоштасқан сайын, маған ақша
жеңіл және көп келеді» деп айта беретінмін. Әлі күнге
дейін солай айтып тұрамын. Бұрын күйеуім ақшаға
қатты адам еді, ақшасы бітіп келе жатса, көңілі түсіп
кететін, ал қазір мен күйеуімнің де санасын өзгерттім.
Көңілі түссе үнемі «ризық шексіз, себебі ризықты
беруші Шексіз Аллаһ», «ақшаны оңай жіберсең, ақша
оңай келеді», «ақша сұранысқа келеді» деген сияқты
ұстанымдарды миына құя бердім, айта бердім. Қазір
күйеуімнің өз бизнесі бар, табысы, қажеттіліктері маған
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
105
қарамайды, бірақ менен көмек сұраса, мен картадан ала
бер деп айтамын. Қызғанбаймын. Мен үшін ақшаның
ешқандай маңыздылығы жоқ, ақшаны Аллаһ тек
қажеттілікті өтеу үшін жаратты. Отбасының қажеттілігі-
менің де қажеттілігім. Үйге тамақты мен де аламын,
күйеуім де алады, бұл мен үшін ойланатын, толғанатын
нәрсе болмай кетті. Бірақ сіздің ақшамен қоштасуыңыз
максималды түрде өз қалауыңыздан ғана болу керек.
Біріншіден, өзіңіздің қажеттілігіңізді өтеп барып, сосын
ғана өзге қажеттіліктерді өтеуге жұмсалына алады.
Мысалы, өзіңіздің қыстық етігіңіз жоқ, ал сіз өз
табысыңыздың барлығын енеңіздің етігін алуға жұмсап
тастадыңыз. Бұл дұрыс емес. Сіздің табысыңыз бірінші
сіздің кез-келген қажеттілігіңізді өтеу керек. Тамақ,
киім, үй, қуаныш сыйлайтын дүниелер, ал қалған
табысты енеге болсын, күйеуге болсын жұмсай аласыз.
Сонда ғана ақшаның нормасы өтеледі.
Егер әңгімем пайдалы болса, сіз үшін өте
қуаныштымын. Себебі ақша мәселесі қазір көп
отбасыларда проблемаға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |