Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
15
Кризистен қалай шығуға болатынын
қарастырайық:
1. Ер адамды сыйлау арқылы
2. Ер адамды түсіну арқылы
3. Ер адамды қабылдау арқылы
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
16
Ер адамды сыйлау.
Ер адамды не үшін сыйлау керексіз? Тіпті ұрса да, тіпті
көзіңізге шөп салса да сыйлау керексіз бе? Сыйлау деген
нені білдіреді өзі?
Сыйлау
деген-
адамның
айтқан
сөзін
құнсыздандырмау, яғни бірдеңе айтып жатса «иә,иә қоя
салшы, айта бересің бір нәрсені» демеу, шын айтып
тұрмын десе «жоқ,
сен олай айтпадың, жоқ, сен ұмытып
кеттің» деп шындығын құнсыздандырмау. Пікірін соңына
дейін тыңдап,
ақыл-кеңес сұрамаса, ақыл-кеңес бермей,
тек қана пікірін тыңдай алу. Әр іс әрекетіне «өзі біледі
ғой», «өзі жауапты» деген көзқараспен қарау. Сыйлау
деген-адамның өтірік айтып тұрғанын білсең де, оған «мен
саған сенемін» деп айту.
Соңғы сөздеріме қарсы шығарсыз, бірақ «мен саған
сенемін» деген сөздердің қандай ғажап күшке ие
екенін
білмегендіктен ғана сіз қарсы болып тұрсыз. Бұл сөздер
еріңіздің арын, ұятын, сыйластығын оята алады,
сізге
керегі тек өтірік айтса да, шындық айтса да еріңізге қарап
«жаным, мен саған сенемін» деп айту. Ал егер олай
айтпасаңыз, керісінше «сенбеймін» десеңіз, еріңіз сізге
шындығын ашып, сізге растығын дәлелдейді деп ойлайсыз
ба? Жоқ, ол сізден одан сайын бәрін жасырып, және «маған
бәрібір сенбейді» деген ойымен сізден алшақтай бастайды.
Егер еріңізбен қарым-қатынасты
жақсартқыңыз келсе,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
17
еріңізде сыйлап бастау керексіз, ол үшін ең бірінші
пункт-
ер адамға сену, тым болмаса «сенемін» деп айту.
Достарыңызбен бөлісу: