Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет9/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   135
Некеден кейін

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
21 
Ер адамды түсіну. 
Не үшін ер адамды түсіну керек? 
 
 
Біріншіден, ер адамды түсінбесеңіз, ол 
да сізді түсінгісі келмейтін болады. Ер 
адамды түсінбейтін әйел ешқашан еркектің 
тілін таба алмайды. Ондай әйелге еркек 
сырын айтпайды, ондай әйелді дос ретінде 
көрмейді. Ал әйел мен ердің арасында 
сырлары болу керек, достығы болу керек. 
Еркек үйіне келгенде бірінші анасына барып 
сырын айтса, құпиясымен, жұмысымен, жоспарымен 
бөліссе, ал әйеліне ештеңе айтпаса, онда әйелінің басты 
қателігі- ерін түсінбеуінде. Еркек сізге ашылмаса, оны 
түсінбейсіз, сол қалпы қабылдай алмайсыз деп ойлайды. 
Өз тәжірибемнен мысал келтірейін. Кризиске дейін 
күйеуім жұмыстан шыққысы келгенде маған тікелей 
«жұмысым ұнамайды, шығатын болдым» деп айтпаған. 
Әртүрлі 
«намектар» 
тастап, 
белі 
ауыратынын, 
администраторы ұнамайтынын айтып тұратын, және 
жұмысқа кешігіп барып, азанда ұйықтап қалса мүлдем 
бармай қоятын. Осы әрекеттеріне қарап, сіз не ойлар 
едіңіз? Не деп айтар едіңіз? Іштей ойлана беріңіз, ал мен не 
істегенімді айтамын. Күйеуім оянбаса, кешігіп барса, 
әртүрлі сылтаулар айта бастаса оны көндіруге 
тырысатынмын. «Ұйқыбас, жауапкершілігің жоқ, кешіге 
бересің ба, белің ауырса да бұл жұмыс қой, жұмыстан 
шығып кетсең уақытың кетіп қалады» және т.б түсінгісі 
келмейтін әйелдің сөздерін айтатынмын. Күйеуім қабағын 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
22 
түйіп, басын салбыратып жұмысына кететін, кейде мені 
алдап жұмысқа кеткендей болып, бірақ басқа жаққа да 
шыға беретін. Басқаларға осыны айтсаң, еркек жаман 
сияқты көрінеді, бірақ жұмысы ұнамайтын кез-келген адам 
солай істейді, ал ең жақын адамы түсінбей, сүйікті адамын 
емес, ұнамайтын жұмысын таңдап тұрса, онда одан бетер 
түңіліп кетеді. 
Кризистен кейін бұл әңгіме қайталанды. Осыған дейін 
еріме ашуланып, тыңдағым де келмесе, осы жолы еріме 
таңдауды өзі қабылдауға мүмкіндік бердім. Ренжімей, 
ашуланбай, барынша кез-келген шешімін қабылдап, 
түсінгенімді көрсеттім. Әрине, осы жұмысы жақсы еді, 
басқа жерге тез орналасып кете ма, осы жұмыстан ерініп 
қашып жүр ма екен деп те ойладым,бірақ сонда да мен 
үшін жұмыс, ақша емес, арамыздағы түсіністік маңызды 
болды. Арамыз оданша жылы, түсіністік пен сенімге толы 
болсын, ол маған өтірік айтып, сырын жасырып жүргенше 
деп ойладым. Осындай ойым болған соң, еріме былай 
дедім: «мен сені түсінемін, жаным, соңғы кездері шаршап, 
ауырып жүрсің ғой. Жұмысың ұнамаса өзіңе ыңғайлы 
вариант қарастырып көресің бе? Қандай шешім 
қабылдасаң да мен сен жақтамын ғой, сені қолдаймын» 
дедім. 
Түрімнен 
де, 
сөзімнен 
де 
оны 
толық 
қабылдайтыным, түсінетінім көрініп тұрды. Ол да қуанып 
кетті, мүмкін, мені ұрысады, ренжиді, түсінбейді деп 
ойлаған болар, бірақ осындай реакциямнан кейін «сен 
сияқты түсінігі мол әйелім болғанына шүкір» деп 
құшақтады. 
Бұрын ерімнің әр әрекетіне өз пайдама қарай, өзімнің 
көзқарасыма қарай ғана баға беретінмін, ал қазір кез-
келген әрекетіне терең ойланатын бодым. Оның бұл 
әрекетіне түпкі ниеті қандай болды екен? Мен оның 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
23 
орнында болсам не үшін жұмысқа барғым келмес еді? Неге 
үйге келгім келмес еді? Осындай сұрақтар қойып, ерімді 
толық түсінуге тырысатын болдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет