Глоссарий аксиома — ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем. Анықтама



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата10.08.2024
өлшемі107.75 Kb.
#503139
1   2   3
Учебник Geometria 7 kz Глосаррий

Теңбүйірлі үшбұрыш — екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш.
Теңқабырғалы үшбұрыш — барлық қабырғалары өзара тең болатын 
үшбұрыш.
Теорема — ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем.
Тік бұрыш — жазыңқы бұрыштың жартысы немесе өзінің сыбайлас 
бұрышына тең болатын бұрыш.
Тікбұрышты үшбұрыш — бір бұрышы тік болатын үшбұрыш.
Транспортир — бұрыштарды өлшеу үшін арнайы құрал.
Үшбұрыш — бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы 
нүктелерді қос-қостан қосатын үш кесіндіден тұратын фигура.


139
Үшбұрыштың биіктігі — үшбұрыштың төбесінен оған қар сы жатқан 
қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесінді.
Үшбұрыштың биссектрисасы — үшбұрыш бұрышы биссектри сасының 
төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасын қосатын кесінді.
Үшбұрыштың бұрышы — төбесі үшбұрыштың төбесі, ал қабыр ғалары 
үшбұрыштың қабырғалары болатын бұрыш.
Үшбұрыштың медианасы — үшбұрыштың төбесі мен оған қарсы жатқан 
қабырғасының ортасын қосатын кесінді.
Үшбұрыштың орта сызығы — үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын 
қосатын кесінді.
Үшбұрыштың периметрі — үшбұрыштың барлық қабырғалары ұзын-
дықтарының қосындысы.
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы — үшбұрыштың ішкі бұрышымен сы-
байлас бұрыш.
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер — үшбұрыштың барлық төбелері 
арқылы өтетін шеңбер.
Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер — үшбұрыштың барлық қа-
бырғаларымен жанасатын шеңбер.
Шеңбер — берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазық тықтың 
барлық нүктелерінен тұратын фигура.
Шеңбердің диаметрі — шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.
Шеңбердің доғасы — центрлік бұрыштың ішінде орналасқан шеңбердің 
бөлігі.
Шеңберге жанама — шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын болатын 
түзу.
Шеңберді қиюшы — шеңбермен ортақ екі нүктесі бар түзу.
Шеңбердің радиусы — шеңбердің центрі мен оның бойындағы кез келген 
нүктені қосатын кесінді.
Шеңбердің хордасы — шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын 
кесінді.
Центрлік бұрыш — шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш.
Центрлес шеңберлер — центрлері ортақ шеңберлер.
Циркуль — шеңбер сызуға арналған құрал.
A
D
E
B
D
D
B
B


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет