Теңбүйірлі үшбұрыш — екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш.
Теңқабырғалы үшбұрыш — барлық қабырғалары
өзара тең болатын
үшбұрыш.
Теорема — ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем.
Тік бұрыш — жазыңқы бұрыштың жартысы немесе өзінің сыбайлас
бұрышына тең болатын бұрыш.
Тікбұрышты үшбұрыш — бір бұрышы тік болатын үшбұрыш.
Транспортир — бұрыштарды өлшеу үшін арнайы құрал.
Үшбұрыш — бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы
нүктелерді қос-қостан қосатын үш кесіндіден тұратын фигура.
139
Үшбұрыштың биіктігі — үшбұрыштың төбесінен
оған қар сы жатқан
қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр кесінді.
Үшбұрыштың биссектрисасы — үшбұрыш бұрышы биссектри сасының
төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасын қосатын кесінді.
Үшбұрыштың бұрышы — төбесі үшбұрыштың төбесі, ал қабыр ғалары
үшбұрыштың қабырғалары болатын бұрыш.
Үшбұрыштың медианасы — үшбұрыштың төбесі
мен оған қарсы жатқан
қабырғасының ортасын қосатын кесінді.
Үшбұрыштың орта сызығы — үшбұрыштың
екі қабырғасының ортасын
қосатын кесінді.
Үшбұрыштың периметрі — үшбұрыштың
барлық қабырғалары ұзын-
дықтарының қосындысы.
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы — үшбұрыштың
ішкі бұрышымен сы-
байлас бұрыш.
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер — үшбұрыштың барлық төбелері
арқылы өтетін шеңбер.
Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер — үшбұрыштың
барлық қа-
бырғаларымен жанасатын шеңбер.
Шеңбер — берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан жазық тықтың
барлық нүктелерінен тұратын фигура.
Шеңбердің диаметрі — шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.
Шеңбердің доғасы — центрлік бұрыштың
ішінде орналасқан шеңбердің
бөлігі.
Шеңберге жанама — шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі болатын болатын
түзу.
Шеңберді қиюшы — шеңбермен ортақ екі нүктесі бар түзу.
Шеңбердің радиусы — шеңбердің центрі мен оның бойындағы кез келген
нүктені қосатын кесінді.
Шеңбердің хордасы — шеңбердің кез келген екі нүктесін
қосатын
кесінді.
Центрлік бұрыш — шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрыш.
Центрлес шеңберлер — центрлері ортақ шеңберлер.
Циркуль — шеңбер сызуға арналған құрал.
A
D
E
B
D
D
B
B