Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис ��������������������



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
40hadis

44
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
��������������������
Мейрімсіздіктің шегі (немесе тас жүректі әйел)
Мағынасы:
Абдуллаһ бин Омардан (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазі-
реті Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Бір әйел бір мысықтың 
себебінен азапқа дұшар болады. Мысықты өлгенінше торға 
қамағандығынан тозаққа түсті. Мысықты торға қамап ішіп-
жейтін ештеңе бермеген тіпті жердің өнімінен де ештеңе бер-
меген» 
(Бұхари, Әнбия 54; Мүслим, Сәлам 151).
Хадиске түсініктеме:
Мысықтың себебінен азапқа дұшар болған әйелдің мұсылман 
ба, әлде мұсылман емес пе? Бұл жайлы ғалымдар ортақ пікірге 
келмеген. Имам Нәуәуи: «Мұсылман әйел. Ол мысықтың се-
бебімен тозаққа түскен» десе, кейбіреулер «ол кәпір әйел, ол 
мейрімсіздіктің себебімен тозаққа түскен» дейді.
Бұл хадистен мысық өлтірудің арам екендігін білуге бола-
ды. Сондай-ақ, мұнда мысықты тамақтандыру керектігін де 
ұғамыз. Жануарларға мейірім көрсету ол да біздің міндетіміз. 
Осы сияқты бір әйел аяқ киімімен шөлдеген итке құдықтан су 
алып беруі арқылы жұмаққа, ал оның мейірімсіздігі тозаққа же-
телейтін қасиет екенін ұмытпағанымыз жөн.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Мейірімділік көрсетпегенге 
мейірім көрсетілмейді» деген. Тағы бір хадисінде: «Жер бетін-
дегілерге мейірім көрсетіңдер» деп, үмбетін барша жаратылыс 


45
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
атаулыға мейірім көрсетуге шақырған. Табысқа жету немесе 
одан жұрдай болу, құрметке бөлену әлде абыройдан айырылу 
адам өмірінде кездесетін жағдай. Ал мұсылманның ең үлкен та-
бысы Аллаһтың разылығына бөленіп жұмаққа кіру. Сондай-ақ 
барлық нәрседен жұрдай болу Пайғамбарымыздың былай деп 
айтқан екі нәрсесі арқылы болмақ: «Жұмақ сендерге аяқ киімнің 
бауынан да жақын болса, тозақ та дәл солай жақын».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет