агардан дайындалған гель ортасы саналады. Бұл реакцияда құрамы 0,25% калий
хлориді мен консервант ретіндегі мертиоляттан
тұратын физиологиялық
ерітіндідегі 1–1,5 немесе 2% агар қолданылады.
Реакцияны капиллярларда, Петри шыныларында және пластиналардың
(зат шыныларының) бетінде қоюға болады.
Диффузиялық преципитация реакциясының капиллярлы әдісі зерттеуге
алынған өте аз мөлшердегі реагенттердің антигендік
құрылымдарына талдау
жүргізуге мүмкіншілік береді. Бұл реакцияда ішкі диаметрі 0,6-0,8 мл болатын
пастер түтікшесінен дайындалған капиллярға балқытылған агарды 3-15 мм
ұзындықта енгізеді. Сосын қатырылған агары бар капиллярды негізгі
түтікшеден 15-20 мм ұзындықта корундты дискімен кесіп алады. Агарлы
капиллярдың бір ұшына антигенді, ал екінші
жағына телімді қан сарысуын
қабаттағаннан кейін (ауа көпіршіктерінің болмауы қажет), майсыздандырылған
зат шынысының бетіне қойып, екі ұшын парафинмен бекітіп, бөлме
температурасында (+18ºС) қалдырады. Алғашқы
преципитация сақинасының
пайда болуын 2-48 сағаттан соң тіркейді. Преципитация сақинасының пайда
болу уақыты агар бағанасының ұзындығына және антиген мен антиденелердің
концентрацияларына тәуелді. Пайда болған сақиналардың санын, олардың
қалыңдығы мен тығыздығын лупа көмегімен анықтайды.
Петри шыныларындағы ДПР (28-сурет)
. Бұл
әдісте майсыздандырылған
таза Петри шынысының түбіне 1-1,5 мм қалыңдықта балқытылған агарды
құйып, қатырады. Сосын оның үстіне диаметрі 10-15 мм шұңқыршықтар
жасауға арналған матрицаны (трафарет) орналастырып (29-сурет), 5-6 мл агар
ерітіндісін құяды. Гель қатқаннан кейін матрицаны абайлап алады. Агар
геліндегі пайда болған шеткі шұңқыршаларға түрлі
сұйылтымдағы қан
сарысуларын, ал ортаңғы шұңқыршаға антигенді құйған соң Петри шыныларын
ылғалды камераға салып, бөлме температурасында қалдырады немесе
термостатқа қояды.
Пластиналардағы ДПР. Реакцияда майсыздандырылған, таза, сызаттары
жоқ, беткейі тегіс фотопластиналар немесе зат шынылары қолданылады.
Горизонтальды жағдайда қойылған пластина
немесе зат шынысының бетіне
балқытылған агарды 1 мм қалыңдықта құяды. Әрбір шыны беткейіндегі
қатырылған агардың бетіне стандартты трафареттің көмегімен шұңқыршалар
ойғаннан кейін пастер түтігімен антигендер мен телімді қан сарысуларын
құяды.
Агары бар пластиналар ылғалы жоқ жерде
тұратындықтан тез құрғап
қалуын ескере отырып, шұңқыршаларды антиген және антиденелермен тез
арада толтыру қажет.