Комплементтің антиген-антидене кешенімен
байланысқанын немесе оның
бос қалғанын анықтау үшін шыны түтікке индикатор ретінде гемолиттік
жүйенің компоненттерін – гемолиттік қан сарысуы мен эритроциттерді қосады.
Егер
тәжірибелік
жүйеде
комплемент
байланыстырылған
болса,
эритроциттердің гемолизі байқалмайды.
Бұл жағдай антигеннің зерттеуге алынған қан сарысуындағы иммунды
денелерге үйлесімді екендігін дәлелдейді. Тәжірибелік жүйе
ерітілген қан
сарысуын, антигеннің және комплементтің 0,5 мл мөлшерлерінен құралады.
Бұл жүйе су моншасында 20 минут ұсталынады (37ºС-38ºС). Қан сарысуы
алдын ала 58-60ºС 30 минут аралығында олардың өз комплементтерінің күшін
жояды. Сонан соң тәжірибелік жүйеге гемолитикалық жүйені қосады. Бұл жүйе
гемолитикалық қан сарысуының ерітіндісі мен қой эритроциттерінің 2,5
суспензиясының 0,5 мл мөлшерінен тұрады. Екі жүйені тағы да су моншасында
20 минут (37-38ºС) ұстайды. Реакцияның нәтижелерін 14 сағат бөлме
температурасында ұстағаннан кейін екі рет бағалайды.
Демек, гемолиздің жоқтығы КБР-ының оң нәтижесі болып саналады.
Эритроциттердің гемолизі тәжірибелік жүйеде бос комплементтің барында ғана
байқалады. Комплемент қан сарысуында иммунды денелердің жоқтығының
салдарынан бос қалады (КБР-ның теріс нәтижесі).
Зерттеуге алынған қан
сарысуында антиденелер аз болса, эритроциттер ішінара гемолизге ұшырады.
Гемолиздің толық болмауы (++++), едәуір болмауы (+++), жарым-жартылай
болмауы (++) немесе (+), ал толық гемолизі (-) белгілерімен таңбаланады.
КБР қою үшін келесі компоненттер қажет: гемолизин, 2%-ды қой
эритроциттері, комплемент, стандартты антигендермен гипериммунделген
теңіз
шошқаларының қан сарысуы, ауру қоздырғыштарының өндірістік және типтік
штамдарынан дайындалған бақылау антигені, ауру малдардың патологиялық
материалдарынан зерттеуге алынған үлгі, 0,85%-ды физиологиялық ерітінді.
Комплементті байланыстыру реакциясын қою тәсілі бекітілген нұсқауға сәйкес
жүргізіледі және оны әртүрлі көлемде қоюға болады: егер жүргізілетін
реакцияның жалпы көлемі 1 мл болса, барлық компоненттер 0,2 мл-ден
алынады; ал жүргізілетін реакцияның жалпы көлемі 0,5 мл болса, онда 0,1 мл-
ден алынады.
Комплементті байланыстыру реакциясын қою техникасы бірнеше кезеңнен
тұрады.
Гемолизинді титрлеу схемасы. Биофабрикадан шығарылған гемолизиннің
(1:1 қатынасында глицеринмен консервіленген) негізгі сұйылтымын дайындау
үшін, 0,2 мл гемолизинді 9,8 мл физиологиялық
ерітіндіде араластырады
(1:100). Осы сұйылтымның 1 мл-ін 9 мл физиологиялық ерітіндімен
араластырып (1:1000) негізгі ерітіндіні дайындап алады. Негізгі ерітіндіден
келесі 1:1500, 1:2000, 1:3000, 1:4000, 1:5000, 1:6000, 1:7000, 1:8000
қатынастарындағы
сұйылтымдарды әзірлегеннен соң, гемолизинді 11-кестеде
көрсетілген схема бойынша титрлейді.
11-кесте. Гемолизинді титрлеу схемасы
Компоненттер
Гемолизин сұйылтымдары
1:1000 1:1500 1:2000 1:3000 1:4000 1:5000 1:6000 1:7000
Гемолизин, мл
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
Физиологиялық ерітін-ді
(антиген мен қан сарысуы
орнына), мл
1,0
1,0
1,0
1,0
1,0
1,0
1,0
1,0
1:20 сұйылтымында-ғы
комплемент, мл
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
2%-ды
қой эритроциті, мл
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
Су моншасында ұстау (+37ºС, 10 минут)
Титрлеу нәтижесін анықтау
- -
- -
- -
- -
- -
- -
- -
- -
++
- -
++
+ -
++
++
++
++
Гемолизинді титрлеу кезінде келесі бақылаулар қойылуы қажет:
эритроциттер бақылауы – спонтанды гемолиздің болмауы үшін (0,5 мл 2%-ды
қой эритроциті + 2 мл физиологиялық ерітінді); гемолизин бақылауы –
эритройиттердің комплементсіз гемолизге ұшырауы үшін (0,5 мл 1:1000
қатынасындағы гемолизин + 0,5 мл 2%-ды қой эритроциті + 1,5 мл
физиологиялық
ерітінді);
комплементтің
бақылауы
–
гемолизиннің
қатысуынсыз эритроциттердің гемолизге ұшырауының болмауы үшін (0,5 мл
1:20 қатынасындағы комплемент + 0,5 мл 2%-ды қой эритроциті + 1,5 мл
физиологиялық ерітінді); гемолитті жүйенің бақылауы (0,5 мл 1:1000
гемолизин + 0,5 мл 2%-ды қой эритроциті + 0,5 мл 1:20 комплемент + 1,5 мл
физиологиялық ерітінді).
Титрлеудің нәтижесінде эритроциттерді (комплементтің қатысуымен)
гемолизге ұшырата алатын гемолизиннің ең минималды мөлшердегі титрін
анықтап алғаннан кейін, негізгі зерттеу жұмыстарына
оның төрт еселенген
концентрациясын қолданады. Мысалы, гемолизиннің ақырғы титрі 1:3000
болса, зерттеу жұмысына 1:750 қатынасындағы титрді пайдаланады. 1:1
қатынасында глицеринмен консервіленген гемолизинді 2:750 сұйылтымында
алады, яғни 0,2 гемолизин және 74,8 мл физиологиялық ерітіндіні құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: