Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет86/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146
вирус

Бақылау сұрақтары: 1 Тірі жүйе деген не? Вирусологияда тірі 
жүйелердің қандай түрлері қолданылады? 2 Биосынама деген не? 3 
Вирусологияда зертханалық жануарлар қандай мақсатта қолданылады? 4 
Зертханалық жануарларға қандай талаптар қойылады? 5 Зертханалық 
жануарларды қалай күтіп баптайды? 6 Зертханалық жануарларды қалай 
таңбалайды (белгі салады)? 
7 Зертханалық жануарлармен жұмыс істеу кезіндегі 
техника қауіпсіздігі. 
8 Зертханалық жануарларды жұқтырудың қандай әдістері 
бар? 9 Зертханалық жануарлар организмінде вирустардың көбеюі нәтижесінде 
қандай белгілер байқалады? 10 Зертханалық жануарларды жарып сою тәсілдері 
қалай жүргізіледі? 


5 тақырып. ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫ және ОЛАРДЫ 
ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ 
Сабақтың мақсаты: Эмбрионалды дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі тауық 
эмбрионының анатомиясымен танысу; овоскопия әдісін үйрену; эмбриондарды 
вирусы бар материалмен жұқтыру әдістерін меңгеру. 
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: тауық эмбриондары (9-11 
күндік), овоскоп, құрамында вирусы бар материал (вирустардың вакциналық 
штамдары), тауық эмбриондарына арналған штативтер, эмальданған 
науашалар, стерильді саймандар (шприцтер, анатомиялық пинцеттер, 
қайшылар, тескіштер) салынған стерилизаторлар, спирт шамдары, мақта, 70°-
ты этил спирті, стерильді мақта тампондар, парафинді қарандаш, 
лейкопластырь. 
Тауық эмбрионын зертхана жағдайында вирустарды өсіруде пайдалану 
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап іске асырыла бастады. Зертханалық 
жануарларға қарағанда тауық эмбриондарының артықшылықтары бар. 
Олардың қауызы мен қауызының астыңғы қабықшасы эмбриондардың сыртқы 
ортадан түсетін бактериялармен залалдануынан сақтайды және вирустарға өте 
сезімтал келеді. Тауық эмбриондары вирустарды өсіруге қолайлы орта, күтім 
мен азықты қажет етпейді және вирустарға қарсы антиденелерді түзбейді. 
Зертханалық жануарлар тәрізді тауық эмбриондарын вирусологияда келесі 
мақсаттар үшін: патологиялық материалдардан белсенді вирустарды анықтауда; 
биосынама қоюда; вирустарды бөліп алуда; вирустарды титрлеуде; вакцина 
дайындау үшін көп мөлшерде вирустарды жинауда; бейтараптау реакциясына 
қажетті тест-объект ретінде қолданады. Вирусы бар материалдармен жұқтыруға 
арналған тауық эмбриондарын келесі талаптар бойынша таңдап алады: тауық 
эмбриондарын жұқпалы аурулардан таза құс шаруашылығынан алады; 
жұмыртқа қауыздарында пигменттері болмау және таза болу (жууға болмайды) 
керек; Эмбриондардың жасы таңдап алған жұқтыру әдістеріне сәйкес болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет