Сабақ 3 Зертханалық сабақ тақырыбы: Микроағзаларды микроскопиялық зерттеу және анықтау



бет1/5
Дата16.03.2023
өлшемі30.82 Kb.
#470849
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Biotech Lab 3 Микроағзаларды микроскопиялық зерттеу және анықтау


Зертханалық сабақ 3


Зертханалық сабақ тақырыбы: Микроағзаларды микроскопиялық зерттеу және анықтау
Оқу нәтижелері:
- микроағзалардың таза дақылын алу үшін қоректік орталарды сауатты дайындайды;
- су және ауа микроағзаларын сандық есептейді;
- ауаға микробиологиялық талдау және суға санитарлық-бактериологиялық зерттеу жүргізеді.
Қажетті құрал-жабдықтар: Петри табақшаларында өсірілген микроағзалар, стерильді 1 мл тамшуырлар, спирт шамы, сіріңке, микробиологиялық ілмектер, пробиркалар, проливалка, фильтр қағазы, мақта, пинцет
Реактивтер: генциан фиолет, спирт, 1% генциан фиолет, Люголь ерітіндісі, 0,1% фуксин, метилен көгі
Зертханалық жұмыстар тапсырмалары:
Тапсырма №1. Бактерия жасушаларын in vivo зерттеуін жүргізіңіз, сандық микроскоппен суретін түсіріп, талдау жасаңыз.
1. Агар ортасында жаппай немесе жеке колониялар түрінде өскен микроорганизмдерден кішкене текше кесіңіз.
2. Текшені микроорганизмдер бар беті жоғары қаратылатын етіп зат шынысына орналастырыңыз.
3. Микроағзалар жиынтығына немесе колонияны таза жабын шынысымен жабамыз.
4. Оны ілмекпен немесе пинцетпен аздап үстінен басып, қозғалтпауға тырысып, дереу қайта жабын әйнегін алып тастаймыз.
5. Алынған препаратқа бір тамшы су немесе метилен көгі (1:40) шыны слайдқа орналастырылады.
Из агаризованной среды, на которой микроорганизмы растут сплошным газоном или в виде отдельных колоний, вырезают небольшой кубик и переносят его на предметное стекло так, что поверхность с микроорганизмами была обращена вверх. Затем к газону или колонии прикладывают чистое покровное стекло, слегка надавливают на него петлей или пинцетом и тотчас же снимают, стараясь не сдвинуть. Полученный препарат помещают отпечатком вниз в каплю воды или метиленового синего (1:40) на предметное стекло.


Тапсырма №2. Бактерияларды Грам бойынша бояу жүргізіңіз.
Бактериялардың жасуша қабырғаларының химиялық құрамының айырмашылығы олардың Грам бойынша бояу қабілетіне әсер етеді. Осы негізде бактериялар грам-оң және грам-теріс болып бөлінеді. Грам-оң бактериялар жасушасының қабықшасында полисахаридтер, муреин және тейхой қышқылдары көбірек болады; грам-теріс қабықшалылар липидтердің (липопротеиндер мен липосахаридтер) жоғары құрамы бар көп қабатты құрылымға ие. Грам-оң микроорганизмдер бояу кезінде негізгі бояғышпен спиртте ерімейтін йод қосылысын түзеді, грам-теріс микроорганизмдерде бұл қосылыс спиртте ериді.
Грам бойынша боя реті:
1. Зерттелетін дақылдардан зат шынысына жағынды дайындаңыз. Бір күндік жас дақыл қолданылады.
2. Жағындыларды ауада кептіріңіз.
3. Жағындыны бекіту үшін оттық жалынында ұстаңыз.
4. 1% генциан фиолетінің сулы ерітіндісімен 1 минут бойы бояңыз.
5. Бояғышты Люголь ерітіндісімен жуып, жағындыларды сол ерітіндіде 1 минут ұстаңыз.
6. Препаратты сумен жуыңыз.
7. Колбада 95% этанолмен (0,5-1,0 мин) дифференциациялаңыз.
8. Жағындыны дифференциациялағаннан кейін препаратты дереу сумен мұқият жуыңыз.
9. Қосымша бояғыш - фуксиннің 0,1% сулы ерітіндісімен 2-3 минут ішінде бояңыз.
10. Препаратты сумен жуыңыз және ауада кептіріңыз.
11. Микроскоппен зерттеу жүргізіңіз.

Препаратта грам-оң бактериялар сирень-күлгін түске, грам-теріс – қызғылт (розово-ма­линовый) түске боялады. Грамм-оң және грам-теріс бактериялардың тізімі төменде берілген.





Грам-оң

Грам-теріс

Staphyloccocus aureus

Escherichia coli

Streptococcus

Proteus vulgaris

Bacillus subtilis

Pseudomonas aeruginosa

Sacharomyces

Shigella sp.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет