Бибатпа Кӛшімова


ҚАҢҒЫРҚАЗӘУЛИЕ (Кангыргазаулие)



Pdf көрінісі
бет111/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   333
ҚАҢҒЫРҚАЗӘУЛИЕ (Кангыргазаулие) – мола, Маңғыстау ауданы. Ел аузындағы 
аңызда, «Бір жаугершілік заманда молда мен қырық шәкіртін жаулар қырып кеткен 
деседі. Осылардың арасынан Қаңғырқаз есімді шәкірт ӛзгелерден оқшау жерге барып 
жан тапсырыпты. Оны сол орында бӛлек жерлепті. Не ғажап екені белгісіз, сол 
шәкірттің қабірінен тамыр тартқан қос бәйтерек ӛсіп шығады. Анау-мынау емес


әрқайсысы тӛрт адамның қҧшағына зорға сиятындай қалыңдыққа жете ӛскен екен. Сол 
ағаштар Бекет ата дҥниеден ӛткен кҥні (яғни 1813 жылы) бір сәтте жапырақтарынан 
айырылып, тамырынан қопарыла қҧлаған деседі. Жергілікті халық аузында сақталған 
әңгімелерге қарағанда, Бекет ата Қаңғырқаздың аян-пірі болған екен. 20 ғасырдың 30-
шы жылдары осы ағаштың қҧлаған томарларын ҥйдің тӛбесіне жапқан кезде ағаштан 
тамып тҧрған қанды кӛрген адамдар болған деген де әңгіме бар» (С.Қондыбай, 2006, 
258). Ал аңыздың келесі бір нҧсқасында, «Бала ӛлгеннен кейін, әрлі-берлі жҥргіншілер 
сол маңнан жалғыз жҥрген қазды кӛреді. Біреулер «бҧл қаңғырып жҥрген не қаз», - 
десе керек. Сонда сол жерді мекендейтін біреу «бҧл мына бала әулиенің пірі болуы 
керек. Қысы-жазы осы маңнан кетпейді», - деп мән-жайды айтады. Сондай әңгімеден 
келіп жанағы әулие «Қаңғырқаз әулие атанып кеткен екен» (М.Нығметтулаев, 
Т.Кезбаев, 49) – деп те айтылады. 
ҚАПАМАТА (Капамата) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. «Қапам 
– Адайдың Бәйімбетінен тараған Әтембек руынан шыққан мҧсылманша сауатты, 
молда адам болған. Перімен ҧшырасатыны жайлы ел аузында жиі айтылады» деген 
пікірлер ҧшырасады. Ал кейбір дерек кӛздерде Қапам – қорымға жерленген тҥрікмен 
халқының ӛкілі делінеді. 
ҚАПАРТҤСКЕН (Капартускен) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау Қапар (зат есім) 
және тҥскен (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Руы Қырымқҧл 
Қаражігітҧлы Қапар есімімен байланысты аталған болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет