ҚАҢҒА, Қаңғабаба (Канга, Кангабаба) – ежелгі елді мекен, Тҥпқараған ауданы. Бҧл
қаңлы этонимінің негізінде жасалған этнотопоним болып табылады. Әбілғазының
«Тҥрік шежіресінде» қаңлы этнонимінің пайда болуы былай баяндалады: «Оғыз хан
татарларға шабуыл жасады. Татар ханы кӛп әскермен оған қарсы тҧра алмады. Оғыз
жеңді. Оғыз хан әскерінің қолына кӛп олжа тҥсті. Бҧл дҥнияны артуға ат кӛлігі аздық
етті. Әскердің ішінде бір шебер адам бар еді, ол арба жасауды ойластырды. Сӛйтіп,
арба жасап, барлық олжаны оған тиеді. Бҧрын арбаның ӛзі де, аты да жоқ еді.
Жҥргенде қаңқ-қаңқ еткен дыбыс шығарғанына қарай, оның атын «қаңқ» деп атады,
оны жасаған кісіні «қаңқлы» деді. Бҥкіл қаңлы елі осы адамның балаларынан
таралады» (Абулғазы, 23). Сондай- ақ қаңлы этнонимінің этимологиясы жӛнінде қазақ
тіл білімінде Ә.Қайдаров, Т.Жанҧзақов, Ә.Әбдірахманов т.б. жазған. Академик
Ә.Қайдаров қаңлы этнонимінің этимологиясы туралы: «Қаңлы (кейбір тілдерде қаңны,
қаңды) Қаң ӛзенінің атына –лы жҧрнағын (-лық формасының қыпшақ тобына тән
вариантын) жалғау арқылы жасалып, «Қаң ӛзенін мекендеушілер» немесе «ӛзенді ел»
деген ҧғымды аңғартқан» – десе, Т.Жанҧзақов басқа этимологияны ҧсынады:
«Этноним канглы состоит из двух компонентов. Первый компонент кан (ган) «река»,
второй –лы – показатель множественности, собирательности. Таким образом, этноним
канглы означает «племя, живущее на берегу реки, т.е. речники» (Т.Джанузаков, 62).
Ә.Әбдірахманов та «сӛз тҥбірі қан – кан Сібір халықтарының тілінде «ӛзен» деген
мағынада кең тараған сӛзбен тҥбірлес болса керек, тек кейінірек оғлы – лы сӛз
жҧрнағы қосылған, қаңлы этнонимінің алғашқы мағынасы қан оғлы яғни «ӛзен, су
бойындағы адамдар, рулар» дегенді білдірген де, кейін бҧл атау фонетикалық
ӛзгерістерден кейін қаңлы тҥріне кӛшкен» деп қорытады (А.Әбдірахманов, 1979, 52).
Біз де осы айтылған тҧжырымдарға қосыла отырып, Қаңға топонимі «ӛзен, су
бойындағы адамдар» деген мағынаны білдіреді дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |