Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет128/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   333
ҚИТАР (Китар– қ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «қисық шегенделген қҧдық». 
ҚИТАРТӚБЕ (Китартобе) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау хитар (сын есім) және 
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қитар – қыйыртар – қыйытаар (қыйтаар 
–қыйтар) тува тілінде хыйыр – қисық кӛз, қитар, хыйыртаар – қитарлана қарау, кӛз 
қиығын тастау, яғн қисық, қиғаш деген мәні бар (Қазақ тілінің қысқаша 
этимологиялық сӛздігі, 127). Сонда атаудың мәні: «қиғаш, қисық тӛбе». 
ҚИЫНҚАРАСАЙ (Киынкарасай) – сай, Маңғыстау ауданы. Атау қиын (сын есім) 
және қара (сын есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«ӛтуге қиын, терең сай». 
ҚИЯҚ (Кияк) – қ., Бейнеу ауданы. Қияқ – қияқӛлеңдер тҧқымдасына жататын кӛп 
жылдық шӛптесін ӛсімдік. Мағынасы: «қияқ шӛбінің мол ӛскен жерінен қазылған 
қҧдық». 
ҚИЯҚТЫ (Киякты) – а., қ., Маңғыстау, Бейнеу ауд-да. Мағынасы: «қияқ шӛбінің 
мол ӛскен жерінен қазылған қҧдық». 
ҚИЯҢ (Киян) – тау, қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «алыстағы тау» немесе «адам 
кӛтеріле алмайтын биік тау». 
ҚИЯНДЫ (Киянды) – қҧр., арна, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «адам аяғы сирек 
басатын, ӛтуге қиын қҧрғақ арна». 


ҚИЯСАЙ (Киясай) – тӛбе, абс. биіктігі 142 м. Қарақия ауданы. Атау қия (зат есім) 
және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жан-жағы қия 
(жартасты) сайлы тӛбе». 
ҚИЯСАЙИРЕК (Киясайирек) – кертпеш, Маңғыстау тҥбегінің оңтҥстік бӛлігінде. 
Қарақия ауданы. Атау қия (зат есім) және сай (зат есім), ирек (зат есім) сӛздерінің 
бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ирелеңдеген жартасты сай». 
ҚИЯТАУ (Киятау) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау қия (сын есім) және тау (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қҧлама тік жартасты тау». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет