Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет132/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   333
ҚОЛТЫҚ (Колтык) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «теңіздің қҧрылыққа 
ішкерілей жіңішкере кірген бӛлігіндегі қоныс» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 198).
ҚОЛТЫҚҚҦДЫҚ (Колтыккудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қолтық (зат есім) 
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған Мағынасы: «теңіздің 
қҧрылыққа ішкерілей жіңішкере кірген жерінен қазылған қҧдық».
ҚОЛШАР (Колшар) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қол (зат есім) және шар (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Шар» – «тез, қарқынды ағыс» мағынасындағы 
сӛз. Атау: «ойдан қазылған, ағысы қатты қҧдық» мәнін береді (қараңыз: ҚОЛМЫШ). 
ҚОНАБАЙ (Конабай) – қорған, Бейнеу ауданы. Антропоороним. 
ҚОНАЙ (Конай) – қыс., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. Кенже Қонай 
батырдың қонысы болған жер.
ҚОНАЙДЫҢ ҤЙІГІ (Конайдын уйигы) – ҥйік, Маңғыстау ауданы. 
Антропоойконим. Ҥйік Маңғыстау қазақтарының тарихынан елеулі орын алатын 
тҧлғалардың бірі Кенже Қонай батырдың қарауыл қарайтын ҥйігі делінеді. Сәттіғҧл 
Жанғабылҧлы ӛзінің «Досан батыр» шығармасында: 
Шотан Шабай, Ер Қонай, 
Солардың жалғас ең соңы-ай 
Иса мен Досан ер соңы – ай –
деп Қонай және оған замандас кӛптеген батырлардың ерліктерін жырға қосады. 
ҚОНАЙ ЖАРМАСЫ (Конай жармасы) – арық, Маңғыстау ауданы.
Антропогидроним. Атау Қонай (зат есім) және жармасы (тәуелдеулі зат есім) 
сӛздерінен жасалған. Жарма – «терең етіп қазылған арық» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 
190). Атаудың мағынасы: «Қонайдың ҥлкен арығы». 
ҚОНДЫБАЙ (Кондыбай) – ҥйік, Ӛтестен Бейнеуге қарай жҥрген жол бойында дӛңес 
ҥстінде. Антропоойконим. 
ҚОНЫС (Коныс)  – қ., қыс., Бейнеу, Тҥпқараған ауд-да. Мағынасы: «малды ауылдың 
жылда қонып жҥрген жеріндегі қҧдық, қыстау». 
ҚОНЫСҚҦДЫҚ (Коныскудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қоныс (зат есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жаңа қоныстағы 
қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет