САРЖАҚҦДЫК (Саржакудык) – қ., Қарақия ауданы. Этногидроним. Саржа руының
қҧдығы (қараңыз: САРЖА).
САРМЫС (Сармыс) – қ., қор., Қарақия ауданы. Антропогидроним.
САРТАЙ (Сартай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Бегей Сартай қазған
қҧдық.
САРША (Сарша) – ескі жҧрт, қор., Бейнеу ауданы. Этноойконим (қараңыз: САРЖА).
САРЫ (Сары) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Олжашының немересі Сары
батырдың қаздырған шыңырауы.
САРЫАТ (Сарыат) – қор., Маңғыстау ауданы.
САРЫАША (Сарыаша) – тауаралық аңғ., Маңғыстау ауд-ы, Шығыс Қаратаудың
солт-гі Аусар қыстауына жақын жерде. Атау сары (сын есім) және аша (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау сары мергельден тҥзілгендіктен қойылған.
САРЫБАЛА (Сарыбала) – мола, Маңғыстау ауданы. Ғ.Қоңқашпаев топонимдер
сыңарындағы бала сӛзін «кіші», «ҥлкен емес» деп қарайды. Осы Ғ.Қоңқашпаевтың
пікіріне сҥйене отырып, атау: «сары тасты биік мола» мағынасын береді дейміз.
САРЫБАЛАҚОРА (Сарыбалакора) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «сары
тҥсті биік жердегі қоныс» (қараңыз: САРЫБАЛА).
САРЫБАС (Сарыбас) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
САРЫБОЛАТ (Сарыболат) – бейіт, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
САРЫБҦЛАҚ (Сарыбулак) – б., Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және
бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «сары балшық, сары саз
аралас, мӛлдір емес су».
САРЫЖАЛ (Сарыжал) – жота, Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және жал
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ҥлкен, биік жал»
САРЫКЕЗ (Сарыкез) – қон., Қарақия ауданы. Атау сары (сын есім) және кез (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Кез – екі таудың тҥйіскен жеріндегі ойыс
(С.Аманжолов, 490). Мағынасы: «екі таудың тҥйіскен ойысындағы сары мергельді
қоныс».
Достарыңызбен бөлісу: |