Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет176/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   333
САМАЛ (Самал) – дем. орны, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «жанға жайлы, қоңыр 
салқын желді жердегі демалыс орны».
САМ ҚҦМЫ (Сам кумы) – қҧмды алқап, Бейнеу ауданы, Солт. Ҥстіртте. Атау Сам 
(зат есім) және қҧмы (зат есім) сӛздерінің тіркесуінен жасалған (қараңыз: САМ).
САНАЗАРАУЛИЕ 
(Саназараулие) 
– 
киелі 
ор., 
Тҥпқараған 
ауданы. 
Антропонекроним. Адайдың Әлі-Жаңай руынан шыққан, шамасы 1761-1852 -
жылдарда ӛмір сҥрген кісі делініп жҥр. Саназар мен екі бақсының сҥйегі сынған 
баланың сынығын салуда әруақ шақырып сынасқаны туралы аңыз бар (С.Қондыбаев, 
2000, 40). 
САНДЫҚ (Сандык) – қ., Маңғыстау ауданы. «Ҥсті тегіс, текшеленіп біткен таспен 
шегенделген қҧдық». 
САҢЫРАУШОПАН (Саныраушопан) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. 
«Саңырау ишан – мешіт ашып, ҧзақ жылдар шәкірттерге дәріс берген. Ӛмір жолында 
бірнеше жҥздеген діни қағиданы меңгерген, жастарды тәрбиелеп шығарған, сонымен 
қатар емшілікпен де айналысқан әулие адам болған» (М.Нығметуллаев, 2 кітабы, 78-
79). 
САП-САРЫ (Сап-сары) – қон., Бейнеу ауданы, Ҥстірттің солт. бӛлігінде. Қоныстың 
топырағы мен ӛсімдігінің тҥсіне қарай қойылған атау. 
САРҒА (Сарга) – а., қор., Бейнеу ауданынан солт.-батысқа қарай 18 км жерде, Каспий 
ойпатының шығыс жағындағы Қызылжареспе қонысының шығысында, шӛлді 
белдемде орналасқан. Ауыл 2005 жылға дейін Жангелді деп аталып келді. Атау сары 
(сын есім) және ға/ғат/қат – қҧз», «жартас», «тау», «биік» ҧғымын беретін кӛне 
имитатив тҧлға. Мағынасы: «кең немесе сары бор тҥстес тау, жартасты тауы» бар 
ауыл. 
САРҒАТ (Саргат) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау сары (сын есім) және ғат (қат) 
(зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қалмақ тілінде хад – «жартас» мәнін береді. 
«Мағынасы: «сары тҥсті жартасты шатқал». 
САРЖА (Саржа) – мҥй., Қарақия ауданы. Этноороним. Тҥрікмен этнонимдерін 
зерттеген С.Атанниязовта: «Сарыжа – алили, дюеджи, сарык, теке және ерсары 


тайпаларынан тараған ру. Сары – этноним, -жа – кішірейту мәнін беретін жҧрнақ, 
этнонимнің мағынасы: «уақ сары руы», «сары руының бӛлігі» (103). Саржа – «саржа 
руының мҥйісі, қонысы» деген мән береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет