СӘУІРХАН (Сауирхан) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
СЕГІЗБАЙ (Сегизбай) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. Ру Адай Қорек
бидің әкесі Сегізбай жерленген қорым. Қорек Сегізбайҧлы 1870
жылы Иса,
Досан
кӛтерілісі кезінде Хиуа ханы жағында елді орыс патшасына қарсы ҥгіттеп,
ханның
ҥндеуін таратқан белгілі би (Ә.Спан, 2008, 20).
СЕЙІТ (Сейит) – қ., қыс., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
Атақты Есен
Сейіттің қҧдығы.
СЕКСЕУІЛАРАЛ (Сексеуильарал) – қон., Бейнеу ауданы. Атау сексеуіл (зат есім)
және арал (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Сексеуіл – алабҧталар
тҧқымдасына жататын кӛп жылдық ӛсімдіктер, аса биік емес ағаш, бҧта» (Маңғыстау
энциклопедиясы,
2008, 528). Аралда (жерде) сексеуіл кӛп ӛскендіктен берілген атау.
Достарыңызбен бөлісу: