БАСАР (Басар) – тҧз. қ., қорғ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Басар қазған
қҧдық.
БАСАР-ТҤРКЕ (Басар-Турке) – қ., Маңғыстау ауданы. Су кӛзерінің о бастағы
атауы Басар-Тҥрме болған. Басар – қҧдықты қаздыртқан адам, ал Түрме – Басардың
әйелі. Антропогидроним.
БАСЖЫРА (Басжыра) – тӛбе, Қарақия ауданы. Атау бас (зат есім) және жыра (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «маңында су жырып кеткен
ойпаты бар биік тӛбе».
БАСҚАРАҒАН (Баскараган) – тҧз. қ., Қарақия ауданы. Атау бас (зат есім) және
қараған (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қараған қалың
ӛскен жердегі сулы қҧдық».
БАСҚАРАСАЙ (Баскарасай) – қ., Қарақия ауданы. Атау бас (зат есім) және қара
(сын есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «ҥлкен, терең
сайдағы қҧдық».
БАСҚҦДЫҚ (Баскудык) – а., қ., Маңғыстау ауданы; а., Мҧнайлы ауданы; тҧз.
қ.,Тҥпқараған ауданы. Атау бас (зат есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі
арқылы жасалған. «Жер асты су қорының ең ӛнікті, ыңғайлы жерінен қазылған, мол
сулы қҧдық».
БАСҚҦДЫҚТЫҢ СОРЫ (Баскудыктын соры) – сор, Маңғыстау ауданы. Атаудың
мағынасы: «мол сулы қҧдықтың қасындағы тҧзды кӛл (сор)» (қараңыз: БАСҚҦДЫҚ).
БАСҚҦДЫҚ ҚҦМЫ (Баскудык кумы) – қҧм, Маңғыстау ауданы. Атаудың
мағынасы: «мол сулы қҧдықтың маңындағы қҧмды жер (қараңыз: БАСҚҦДЫҚ).
БАСҚҦМАҚ (Баскумак) – қҧм, Мҧнайлы ауданы. Атау бас (зат есім) және қҧмақ (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Құмақ деп – «ҧсақ тӛбешікті жартылай
ӛсімдік басқан қҧмдарды» айтады (Э.Мурзаев, 1984, 313). Мағынасы: «биік, жартылай
ӛсімдік басқан қҧмдар».
БАСТІЛ (Бастиль) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау бас (зат есім) және тіл (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жіңішке мҥйістен қазылған қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: |