ЖАМАН КЕРЕЛ (Жаман Керел) – қон., шатқ., Тҥпқараған ауданы. Антроптопоним.
Керел (Кирил) – осында алғаш келген астрахандық кәсіпқор балықшы. Мағынасы:
«аласа шатқал».
ЖАМАН ҚЫЗ (Жаман кыз) – қ., шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау жаман (сын есім)
және қыз (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қыз сӛзі туралы Э.Мурзаев:
«...қыз сӛзіндегі з дыбысы бҧрынғы р дыбысын алмастырған. Бҧларды лингвистикада
ауыспалы дыбыстар дейді. Қыр термині Орта Азияда кеңінен қолданылады»
(Э.Мурзаев, 1974, 198) дейді. Демек қыз сӛзінің о бастағы дыбысталуы қыр болған да,
атау «ӛтуге қиын немесе аласа шатқал» мағынасын береді.
ЖАМАН ҚЫЗЫЛАДЫР (Жаман Кызыладыр) – қон., қор., Қарақия ауданы. Атау
жаман (сын есім) және қызыл (сын есім), адыр (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Мағынасы: «аласа, топырағы қызыл тҥсті дӛңес жер».
ЖАМАН МАҢҒЫТАЙ (Жаман Мангытай) – қ., Қарақия ауданы. Атау жаман (сын
есім) және Маңғытай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«Маңғытайдың суы ішуге жарамсыз немесе суы аз қҧдығы».
ЖАМАН ОРПА (Жаман Орпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жаман (сын есім) және
орпа (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы аз, тайыз қҧдық».
ЖАМАН САЗ (Жаман Саз) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ылғалы, шӛбі
азайған сазды жерден қазылған қҧдық».
ЖАМАН САЙ (Жаман Сай) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау жаман (сын есім) және
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шӛбі қҧнарсыз, сусыз
сайдағы қоныс».
ЖАМАН САЛА (Жаман Сала) – ескі қоныс, Маңғыстау ауданы. Атау жаман (сын
есім) және сала (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы аз
арнасы бар қоныс.
ЖАМАН САРЫ (Жаман Сары) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «Сары руының суы
аз қҧдығы». Этногидроним.
Достарыңызбен бөлісу: |