ЖИЕНӘЛІ (Жиенали) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Жиенәлі
Шалтаҧлы – Адайдың Бәйімбетінің Әтембек руынан шыққан адам. Бейбіт ауылға
қырғидай тиген орыстың қарашекпенді мҧжықтарымен соғыста қапияда мерт болған
(Ә.Спан, С.Жҧбаев, 279).
ЖЕТІМЕК (Жетимек) – бейіт, Маңғыстау ауданы. Этнонекроним.
ЖОЛАСҚАН (Жоласкан) – қор., Тҥпқараған ауданы. Атау жол (зат есім) және асқан
(етістік) сӛздерің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тау жотасының ӛтуге қолайлы
аласа жолында орналасқан қорым» немесе «бҧлақты асудағы қорым».
ЖОЛАМАН (Жоламан) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
ЖОЛБАЯН (Жолбаян) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жол (зат есім) және баян (сын
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Баян – моңғол тілінде «бай» деген мағына
береді. Сондай-ақ Баян – қарақалпақ, қырғыз руларының аты (Г.А.Гейбуллаев, 60). Ал
кӛнетҥркі тілінде жул – «жылға, бҧлақ» (ДТС, 227). Сонда атаудың мағынасы: «Баян
руының бҧлағы немесе жылғалы қҧдығы».
ЖОЛБАЯННЫҢ АСУЫ (Жолбаяннын асуы) – м., Маңғыстау ауданы. Мағынасы:
«жолдағы сулы, берекелі жердегі асу, ӛткел» немесе «Баян руының қонысы
маңындағы асу, ӛткел».
ЖОЛБОЛАЙ ҚОРА (Жолболай кора) – қора, қон., Маңғыстау ауданы.
Антропоойконим.
ЖОЛБОЛДЫ (Жолболды) – қ., қор., Қарақия ауданы. Руы Ескелді Жолболдыны
тоғыз жолдасымен тҥрікмендер ӛлтіріп кетеді. Сағана тамға он бірдей адам жерленген.
Соның тӛрінде жатқан Жолболды делінеді (М.Нығметуллаев, 308).
ЖОЛЖАН (Жолжан) – қор., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним.
ЖОЛҚҦДЫҚ (Жолкудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау жол (зат есім) және қҧдық
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛнетҥркі тілінде жул – «жылға,
бҧлақ» (ДТС, 227). Мағынасы: «жылғалы, бҧлақты қҧдық».
ЖОСАЛЫ (Жосалы) – тӛбе, абс. биіктігі 268 м. Қарақия ауданы. Жоса – «қызыл-
сары тҥсті бояу топырақ» (ҚТӘС, 6т. 497). Тӛбе маңында жосаның кӛп болуымен
байланысты аталған.
|