ЖАРҚҦМ (Жаркум) – қыс., қҧм, Бейнеу ауданы. Атау жар (зат есім) және қҧм (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жиектері
тік жарқабақты,
қҧлама болып келген қҧмды жер».
ЖАРҚЫНБАЙ (Жаркынбай) – қ.,
Қарақия ауданы. Антропогидроним.
ЖАРМА (Жарма) – қ., а., Маңғыстау ауданы. Жарма деп терең етіп қазылған арықты
айтады. Сонда атаудың мағынасы: «ҥлкен арықты ауыл».
ЖАРМЫШ (Жармыш) – а., б., Маңғыстау ауданы. Атау жар (зат есім) және –мыш
жҧрнағы арқылы жасалған.
Біздің пікірімізше, топоним қҧрамындағы
-мыш -
есімшенің кӛне жҧрнағы. М.Томанов:
«-мыш – орхон Енисей жазбалары тілінде,
сондай-ақ кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің ӛткен
шағын жасаған
аффикс:
қалмыш (қалған),
тегміш (тҥйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің
қызметін атқарған»,
– деп кӛрсетеді (М. Томанов, 272-273). Демек Жармыш «жарып
аққан бҧлақ».
ЖАРТЫ (Жарты) – алқ., г.кені, Қарақия ауданы. Мағынасы: «жартымсыз, нашар»
мағынасын беретін тәрізді.
ЖАРШОҚЫ (Жаршокы) – тау, Бейнеу ауданы. Атау жар (зат есім) және шоқы (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жиектері тік жарқабақты,
қҧлама болып келген биік жоталы тау».
ЖАРЫҚ (Жарык) – қ., мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «тау ернегіндегі жарылып
біткен шың арасындағы қҧдық» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 190).
Достарыңызбен бөлісу: