С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


Өнімді сапамен қамтамасыз ету сұлбасы



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

Өнімді сапамен қамтамасыз ету сұлбасы 
 
 
 
3 сурет 
Басқаша айтқанда, жақсы материалдық базамен бекітілген қажетті 
фундамент ғана болуға қабілеті бар, онда яғни өнім сапасын 
жоғарылату жүзеге асуы мүмкін. 
Осыған байланысты, өнімді сапамен қамтамасыз ету үшін үш 
негізгі фактор қажет болады: қажетті материалдық база, жұмысты нақты 
және белсенді ұйымдастыру және мамандандырылған персонал, 
сонымен бірге - өнім сапасын басқару. Осыдан келіп, бірінші сапалы 
еңбек етуге жұмысшылардың қызығушылықтарын арттыру қажет. 
Осыдан өнімді сапамен қамтамасыз ету концепциясы жалпы принципі 
аяқталады. 
Нәтиже:белгілі сападағы өнім 
Қызметкерлер 
құрамы 
Кәсіпорынды 
басқару 
соның 
ішінде: 
өңдеуді 
қамтамасыз ету, 
өндірісті, сапаны, 
және 
т.б. 
сфералармен 
Материалдық 
база 


30 
2.2 Өнім сапасын басқару принципі 
Барлық басқару процесі сияқты, сапаны басқару басшылық 
функциясын орындау жолымен жүзеге асады, әртүрлі кездерде бірақ 
кейбір ерекшеліктерімен және ескертулермен келесі функция құрамы 
жүргізіледі: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ақпарат, шаралар жасау, 
шараны енгізумен шешімдер қабылдау, мотивациялау. 
Сапаны басқару кезінде осы жалпы басқарушы функциясы өзінің 
мазмұны мен сапаны басқару функциясының құрамымен толтырылады, 
оны мынадай түрде көруге болады: 
- сапа аумағындағы саясат; 
- сапаны жоспарлау;
- персоналды мотивациялау және оқыту; 
- сапа бойынша жұмысты ұйымдастыру; 
- сапаны бақылау
- ғылыми-техникалық прогрес және нарық қажеттілігін өнімнің 
сапасы туралы ақпарат; 
- қажетті шараларды жасау; 
- кәсіпорын басшыларымен шешімдер қабылдау; 
- шараларды жузеге асыру
- сыртқы ортамен қарым-қатынас, тұтынушымен, мемлекеттік 
органдармен, жабдықтаушылармен сапа сұрақтарын шешу.
Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланыста және бірізді жүзеге 
асуы өнімнің сапасын басқару процесін көрсетеді. Бұл процес өндірістің 
барлық процестерін қамтуы қажет және ол «сапа тұзағы» түрінде 
көрсетілуі мүмкін. Сонымен бірге, егер сапаны бақылау нәтижесі 
бойынша және алынған ақпарат нәтижесі дайындалатын, басшылықпен 
бекітілген және барлық қажетті шаралар енгізілсе - басқарудың келесі 
циклі өте жоғары деңгейде қайталанады. 
Сапаны басқару принципін қарастырған кезде мынаны ескеру 
қажет, /ИСО 8402/ терминологиясы бойынша халықаралық стандартта 
сапаны басқарудың екі аспектісі көрсетілген: сапаны «жалпы» басқару 
(quality managment) және оперативті қызмет ретінде сапаны басқару 
(quality control). 
Осыдан стандарт логикасы бойынша осындай функциялар, сапаны 
жоспарлау мен саясаты секілді сапа бойынша жұмысты ұйымдастыру, 
персоналды мотивациялау және оқыту, стратегиялық шешімдерді 
қабылдау және сыртқы ортамен қарым-қатынасы сапаны «жалпы» 
басқаруға тапсырылуы қажет.


31 
Сапаны бақылау, ақпарат, шаралар жасау, оперативті шешімдер 
қабылдау және оларды жүзеге асыру сапаны «оперативті» басқарудың 
құрамына енгізілуі қажет. 
Басқарудың көрсетілген аспектісі бойынша функциялардың 
бөлінуді келесі түрде көруге болады (4-сурет). 
Бұл жерде біз көріп отырғандай «шешімді қабылдау» басқарудың 
екі аспектісіне кіреді, стратегиялық немесе оперативтік қандай шешім 
турлері соған байланысты. Басқарушы қызметіне сапаны оперативті 
басқару және жалпы басқару жатады, сондықтан оларды сапаны 
басқарудың жалпы процесіне қосу орынды болар еді. 
Жалпы басқару функциясының осы процесі өндірістік процесте 
қажетті ереже күйіне келтіреді, бұдан былай сапаны оперативті басқару 
есебімен қолданып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет