21
алдына əртүрлі əлеуметтік сатылардың бəрі тең болды. Халық арасындағы
қарым-қатынас күрделі, шым-шытырақ ритуалдарға негізделді.
Мысалы,
тірілердің
өлгендерге,
олардың
рухына,
табиғат
құбылыстарына, жерге жəне аспанға деген қарым-қатынас негізіне қалыптасқан
діни көзқарас, əдет-ғұрып, дəстүрлермен
тығыз байланыстағы ритуалдар,
жоғары əлеуметтік сатыда тұрғындар мен төменгі сатыдағылардың
арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары “Бес кітап” (У
цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын
əр адамның көзқарастарын қалытастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады.
Мысалы: метематика астрономия, медицина.
Осы ғылымдар саласындағы
жетістіктер негізінде ай мен күнннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық
құбылыстар мен тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен
жердегі құбылыстардың
байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт
есептеу т.б. тəсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым əлі де болса
əлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне əсер етпей
қойған жоқ.
Біздің дəуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған ежелгі
қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа –
мектептарге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер),
даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) жəне атаулар мектебі. Біз бұл
аталған
философиялық
мектептердің
ішіндегі
ең
көрнектілері
–
конфуцийшылдық, даосизм жəне легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: