Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


Мифтен логосқа.  Антик философиясы



Pdf көрінісі
бет14/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130
Философия Оқулық (3)

2.2. Мифтен логосқа.  Антик философиясы 
Біздің дəуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда Эллада полистерінде (қала-
мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, 
осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген əлеуметтік 
топтар пайда болды. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық
кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардың қоғам 
сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік 
жағдайларымен байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің 
бөлінуіне, осы негізінде таза зиялылар қауымының пайда болуына, əртүрлі 
əлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-əлеуметтік, философиялық 
көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына əкеліп соқтырды. 
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-Микен, 
гомерлік Грекия кезеңіндегі əдеби-діни-мифологиялық көзқарастар жəне 
күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті 
данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мəдениетінің сол кездегі көне шығыс 
мəдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіру (мысалы, сол кездегі афро-азия 
елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік 
тəсілді дамытты) арқасында қалыптасқан əлемнің субстанционалдық негізін 
іздеген, рационалданған көзқарастар зор əсер етті. Демек, антикалық 
дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің 
логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның 
көзқарастық жəне рационалдық жүйелік жақтарын тығыз байланыстыра 
қарастырып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне 
мүмкіндік туғызды. 
Б.д.д. VІІ-V антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан 
ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық 
философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың 
мəнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық жалпы 
дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық 
аппараты тұрғысынан түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге 
көтеруіне байланысты кезеңді – Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең 
деп екіге бөледі. 
Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші 
Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында 
өмір сүрген, жеті данышпанның қатарына жататын солардың ішінде ең 
сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625-547 жж.). Ол “Бастама туралы”, 
“Күн туралы”, “Күн мен түннің теңесуі туралы”, “Теңіз астрологиясы” деген 
еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. 
Аристотель өзінің “Метафизика” деген еңбегінде заттардың генетикалық 
бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын жəне содан 


26 
қалай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, 
жалпы табиғатың жойылмайтындығын мəселе етіп көтергендердің ішіндегісі 
біріншісі Фалес болды деп көрсетеді. 
Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Бұл 
жерде су – мұхит (нун), абзулардың (апсулардың) философиялық 
жиынтықталған ұғым. Фалес, бір жағынан, барлық денелер суда қалқып жүреді 
десе, екінші жағынан, ол жай су емес, ол “ақыл-ой”, осы тұрғыдан ол құдай 
тектес дейді. Ол əлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс.
Күн жəне басқа əлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға 
толы, құдайлар əлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-əрекеттің негізгі 
күші, сонымен қатар, сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі 
ретінде – солардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі, ол өзіне темірді
тарта алады. 
Фалес таным үдерісінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның 
төңірігінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады. Фалестің 
философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, 
олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге 
ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай
ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан 
əрі қарй дамуына үлкен үлес қосты. 
Фалестің ілімін əрі қарай оның шəкірті жəне жолын қуушы Анаксимандр 
(шамамен б.д.д. 611-545 жж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері: “Табиғат туралы” 
(бұл еңбектің кейбір фрагменттері сақталған), “Жер картасы”, “Глобус” (бұл 
еңбектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол 
денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол 
заттардың түпнегізі – апейронмен теңестірді. Олай болса, апейрон бастама да, 
түпнегіз де. Симпликийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны генетикалық 
бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз жəне төрт дүлей 
күштің (жер, су, ауа, от) негізгі бір-бірімен араласып, ауысу үдерісінің негізі. 
Бірақ, апейрон кеңістікте шексіз емес, сол төрт дүлей күштің негізі ретінде 
шексіз, көмескі жəне мəңгі. Ол ешуақытта қартаймайды, өлмейді жəне 
жойылмайды. Ол мəңгі белсенділікте жəне қозғалыста болады. Ол өзінің осы
қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар – ылғал мен құрғақтық, 
салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-екіден қосылып, жер (құрғақтық 
пен салқындық), су (ылғалдық пен салқыдық), ауа (ылғалдық пен жылылық), 
от (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, 
олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары оны сумен, 
ауамен, жарықпен (от) қоршайды. Аспан отының əсерімен судың біраз бөлігі 
буланады да, мұхиттардан жер көріне бастайды, сөйтіп, құрлықтар пайда 
болады. Демек, апейрон ғарыштың генетикалық бастамасы ретінде ондағы 
денелерді дүниеге əкеледі. Аспан əлемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері 
сияқты үш сақинадан (шығыршық) тұрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді.
Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы аспандағы
оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар – ол ай. Жоғары 
сақинада да бір тесік бар ол күн. Тесіктер толық, немесе аздап бітелулері


27 
мүмкін, онда күн мен ай тұтылады. Сақиналар жерді айналып жүреді, олармен 
қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, 
күннің, айдың қозғалыстарын түсіндіреді. 
Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрлықтың шекарасы айда, 
аспан отының əсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жəндіктер теңізде өмір
сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерініе қабыршықтарын тастап, құрылыққа 
шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз 
жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен (есейгенннен) 
кейін құрылыққа шығып, өмір сүрді. 
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму 
заңдылықтарын табиғаттың өз логикасымен түсіндіру бар. Табиғаттану 
диалектикасының алғашқы қадамдары болды. 
Анаксимандр ілімін əрі қарай оның шəкірті Анаксимен (б.д.д. V-І ғ. 
ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – “Табиғат туралы”. Анаксимен барлық 
денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа – шексіз (апейрон). Сөйтіп, 
Анаксимандрдың апейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі 
қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен 
құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен отқа, содан кейін эфирге 
айналса, қоюланғанда – желге, бұлтқа, суға, жерге жəне тасқа айналады.
Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты. 
Анаксименнің ілімінше, жер жəне басқа аспан денелері ауады қалқып 
жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның əсерінен ылғи да 
қозғалыста болады. Күн де – жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен 
ыстық шоққа айналған. 
Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да 
бастамасы. Ал жан болса, ол – бізді біріктіретін бастама. Анаксимен 
құдайларды да ауадан пайда болды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, 
құдайлар ауаны жаратқан жоқ, керісінше, ауа құдайларды жаратты. Олай
болса, құдайлар материалдық түпнегіздің модификациясы ғана. 
Қорыта айтқанда, Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, 
Анаксимен барлық заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегізін 
құдайлардың құдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. 
Генетикалық бастаманың, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тəріздес 
болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол құдайлармен 
пара-пар құбылыс. 
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дəстүрді ілгері қарай
дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит 
(шамамен б.д.д. 544-483 жж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін
“тұңғиық” деп атаған. Негізгі еңбегі: “Табиғат туралы”. Бұл еңбектің 130-дай 
фрагменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен. 
Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын от деп 
есептеген. От мəңгі жəне құдай тектес. Әлемді құдай да, адам да жаратқан 
жоқ, ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын, əр 
уақытта болған, бар жəне болатын тірі от. Оттан ғарыштың пайда болуын 
Гераклит оттың жетіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, оттың 


28 
молдығынан ғарыштың кері отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтып келуін 
жоғарыға қарай жол деп атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары қарай мəңгі қозғалыстың 
нəтижесінде жалқыдан барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады. 
Әлемнің өзгеру тəртібі мен өлшемі, оның объективті заңы – логосқа 
байланысты. Логостың өзі от сияқты. Бірақ, сезім үшін – от сияқты болып 
көрінсе, ақыл-ой үшін – ол логос, объективті заңдылық. Логос тек қана 
ғарышқа ғана тəн заңдылық емес, ол адам жанына да тəн. Адамның жанына тəн 
логос ылғалдың булануынан пайда болады, ал, керісінше, жан өлгенде, ол суға 
айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге, құрғақ та болуы мүмкін. 
Сонымен, жан қарама-қарсы екі құбылысты – ылғалды жəне құрғақ жаннан 
тұрады. Ылғалдық жаман жандарға тəн. Мысалы, ылғалды жан маскүнемдерге, 
ауруларға, күнделікті лəззат іздеген адамдарда кездеседі. Ал құрғақ жан – 
данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Жанның құрғақтығы – оның логосы. 
Мұндай логос ғарышты билейтін объективтік логос сияқты шексіз, терең 
келеді. Сондықтан жанның шегіне жетемін деп талпынсақ, жан логостың 
тереңдігі соншама – оған жете алмайсың. 
Қарама-қарсы құбылыстар тек жан логикасына ғана тəн емес, ол жалпы 
ғарыштық құбылыс. Мысалы, теңіз суы балықтар үшін таза болса, адамдар 
үшін – арам, сондықтан балықтар ол сумен қоректеніп өмір сүрсе, адам оны 
ішсе, ауруға шалдығады. Сол сияқты, ең əдемі деген маймыл адаммен 
салыстырғанда ұсқынсыз болып көрінеді. Гераклиттің салқын жылынады, 
ыстық салқындайды, немесе денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген 
пікірлері, жоғарыда көрсетілгендей, заттардың қарама-қарсылықта жəне 
үздіксіз өзгерісте болып тұратындығын көрсетеді. Осыдан келіп, ол барлық 
денелер өзен сияқты ағып жатады, ал бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген 
қорытынды жасайды. 
Гераклиттің пікірінше, қарама-қарсылықтар тепе-тең жағдайда болады, 
бірақ ол тепе-теңдік қарама-қарсылықтардың күресі арқылы бұзылады да, 
дүниеге жаңа заттардың пайда болуына мүмкіндік туады. Қарама-
қарсылықтардың күресі – əлемде өзгерістердің болуының негізгі заңдылығы. 
Күрес – жалпыға бірдей, барлығы күрестің жəне қажеттіліктің арқасында пайда 
болады.
Осындай қарама-қарсылықтардың күресін Гераклит үндестік ретінде 
қарастырады. Бірақ, мұндай үндестік көрінбейді, айқын емес, онысымен де ол 
өте күшті жəне əлемдегі барлық денелерге тəн. Осындай үндестікте жамандық, 
ұсқынсыздық сияқты келеңсіз құбылыстар, тұрақсыз келеді де, жақсылық, 
көркемдік сияқты абсолютті құбылыстармен араласып, жойылып кетеді. Бірақ, 
бұларды көру мүмкін емес, оларды көру тек құдайларға тəн. Сондықтан да 
адамдардың мынау – əділеттілік, мынау – əділетсіздік, мынау – жаман, мынау – 
жақсы деп жатқандардың бəрі құдай үшін əділетті, жақсы, көркем. 
Осыдан келіп, Гераклит адамдар логоспен күнде кездесіп жатса да, оны 
танып біле алмайды деген қорытындыға келеді. Оның себептері əртүрлі. Бір 
жағынан, табиғаттың өзі сырын көп аша бермейді, екіншіден, адамдардың 
көпшілігі əбден тойынған, сондықтан олар табиғат сырын түсінуге 
талпынбайды. Оған қоса, осы көпшіліктің талап-мүддесін қорғаштаған халық 


29 
ақындары да, ұстаздар да (Гомер, Гесиод т.б) табиғат сырын түсінуге 
мүмкіндік бермейді, себебі, олардың жырлары, ілімдері логосты түсінуге 
бағытталмаған. Үшіншіден, көп білгендік те логосты түсінетіндей ақылға ақыл 
қоспайды. Данышпандықтың белгісі – дүниенің бірлігін мойындап, логосты 
танып-білуге кедергі құбылыстардан өзін алшақ ұстап, сол дүниенің даму 
заңдылықтарына бағынуы. 
Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын мəнінде 
олардың тең еместігін мойындайды. Олардың теңсіздігі – талғам-мүдделерінің 
əртүрлігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен өмір сүрмейді, өз түсінігімен 
өмір сүреді. Ондай адамдар өз ынтызарлығының билігінде болады. Бірақ, олар 
бір нəрсені түсінбейді. Мысалы, олардың барлық тілектері орындалса да, 
олардың жағдайлары соншалықты жақсармас еді. Жалпы, адам мемлекеттік 
құрылымның да, табиғаттыңда негізін қалайтын логос заңына мойынсұну 
арқасында өз жанын тыныштыққа бөлеп, айқындайды, сөйтіп бақытқа кенеледі. 
Гераклиттің ілімі ежелгі грек, əсіресе, стоиктер философиясына үлкен 
əсер етті, солардың арқасында бүкіл батысқа тарады. Гегель, Лассаль, Ницше 
сияқты ғұламалардың еңбектерінде Гераклиттің көптеген идеялары одан əрі 
дамытылып, жалғастырылды. Гераклиттің іліміне марксистер де көп көңіл 
бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет