Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау



Pdf көрінісі
бет48/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: Бастау, 
2008; Мәдени- философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, 
Ә. Әлімжанова. – Алматы: Раритет, 2007).
Өмір философиясы мен Гуссерльдің феноменологиясында негізі қаланған 
тенденцияларды дамыта отырып, XX ғасырдың 30-жылдары Германияда 
Шелер мен Плесснердің жұмыстарының арқасында адам проблематикасымен


152 
айналысатын ерекше философиялық пəн - философиялық антропология 
қалыптасты. Философиялық антропологияның өкілдері адамды өзінің барлық 
толық болмысында философиялық тану бағдарламасын ұсынды. Олар адам
болмысының əр алуан саласын онтологиялық, жаратылыстанымдық-ғылыми 
жəне гуманистік зерттелуін бүтіндей философиялық игерумен біріктіруге 
ұмтылды. 
 
7.2. Адам және оның мәні туралы қазіргі көзқарастар. 
Ғылымның қазіргі жетістіктері адам биологиялық факторлармен қатар 
əлеуметтік факторлар да маңызды рөлге ие болатын эволюциялық дамудың 
өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Осы орайда адамның жоғары 
ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы жəне осы 
айырмашылықтарды мүмкін еткен процестерді ғылыми тұрғыда түсіндіру 
туралы мəселе шешуші маңызға ие болады. 
Алайда əлемнің қазіргі ғылыми картинасында антропогенез процесі көп 
жағдайда белгісіз күйінде қалып отыр. Бұл жағдай "адам феноменін" тамаша 
зерттеуші, атақты француз философы, биологы, палеонтологы жəне 
антропологы Пьер Тейяр де Шарденнің мынадай сөздерімен түсіндіріледі: адам 
"эволюцияның өзегі жəне шыңы" болып табылады жəне "адамның кілтін табу, 
демек əлемнің қалай құрылғанын жəне ол қалайша ары қарай құрылуы тиіс 
екенін білуге ұмтылу деген сөз". 
Жетіспейтін айғақтардың жоқтығы, адамға деген ескі көзқарасқа күмəн 
келтіретін жана ашылымдар адамның мəні мен табиғаты туралы əртүрлі 
концепцияларды туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистік жəне 
иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистік көзқарастың негізіне 
адам əрекеті немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсіндіруге 
келмейтін ішкі мотивтер, ырықтар, көңіл-күйлердің көрінісі позициясымен 
талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм 
ілімдерін жатқызуға болады. Бүтіндей алғанда иррационалистік концепциялар 
адамның кейбір қырлары мен қасиеттерін ашқанымен, адамның шығу тегі 
жөнінде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең 
болмағанда гипотеза да бермейді. 
Адам жəне адамзат тұлғасының қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесілі. 
Тілдің арқасында адамның ойлауы дамиды. Тіл алғашқы қауымдық адамдардың 
бірлескен еңбек əрекетінің арқасында қоғамның қалыптасуымен бірге пайда 
болды жəне дамыды. Дыбыстарға бөлінген сөздің пайда болуы адамның 
қалыптасуы мен дамуында, адамдар арасындағы қатынастың орнауында жəне 
алғашқы адам қауымдастықтарының түзілуінде орасан зор рөл атқарды. 
Тілдің маңызы ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек əрекеті практикалық 
тұрғыда мүмкін еместігімен сипатталады. Өзара қатынастың арқасында, 
адамдар бір-бірімен байланыс орнатты, өзара əрекеттің əртүрлі мəселелері 
бойынша келісті, тəжірибе бөлісті жəне т.б. Тілдің көмегімен бір ұрпақ 
келесісіне ақпарат, білім, əдет-ғұрып жəне дəстүрлерді жеткізіп отырды. Онсыз 
бір қоғамда өмір сүретін əртүрлі ұрпақтар арасындағы байланысты көзге 
елестету қиын. 


153 
Адамзат психикасының қалыптасуы мен адамзат ойлауының дамуында 
тілдің рөлі өте үлкен. Адамның жоғарыда келтірілген барлық қасиеттері адам 
қауымдастығынан тыс пайда болуы, өмір сүруі, дамуы мүмкін емес еді. Бұл 
жолдағы маңызды қадам моногамды отбасы мен ру түріндегі алғашқы адам 
қауымдастықтарының пайда болуымен сипатталады. Мұның арқасында 
адамның биологиялық түр ретінде сақталуы мен дамуына қолайлы 
алғышарттар қалыптасып қана қоймай, оны "тəрбиелеумен" айналысуға, яғни 
бірлесіп өмір сүрудегі тəртіптер мен ғұрыптарды сақтап, ұжымдағы өмірге 
үйретуге жағдай туды.
Адамның мəні мəселесі адам туралы философиялық ілімнің өзегін 
құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негізін жəне оның мəнін құрайтын 
субстанция ретінде қазіргі ғылым қоғамдық өндіріс щеңберінде жүзеге асатын 
еңбек əрекетін атайды. Қоғамдық өндіріс пен Еңбек əрекетінің дамуы 
нəтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтің жеке 
дамуы қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығын өн бойында жинақтауына
игеруіне жəне оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды 
абстрактылы тұрғыда түсінгені үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп 
жазды "адамның мəнділігі жекелеген индивидке тəн абстракт емес. Ол өзінің 
болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады". 
Бұл жерде қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде оның 
материалдағы мен идеалдылығы да, бүгіні мен өткені де айтылады. Адам бір 
мезгілде өндіруші де, ақылды да, мəдени де, адамгершілікті де, саяси да жəне 
т.б. жан болып табылады. Ол өз бойында белгілі дəрежеде қоғамдық 
қатынастардың барлық түрлерін қорыта отырып жəне осылайша, өзінің 
əлеуметтік болмысын іске асырады. Бұл мəселенің тағы бір қыры бұл
адамның адамзат тарихының жемісі екендігі. Қазіргі адам "ешқайдан" 
шыққан жоқ, ол қоғамдық-тарихи процесс дамуының нəтижесі болып 
табылады. Басқаша айтқанда, адам мен адамзат тегінің біртұтас екендігі сөзсіз.
Алайда, адам қоғам мен қоғамдық қатынастардың нəтижесі ғана емес, өз 
кезегінде оның жаратушысы да. Осылайша, ол бір мезгілде қоғамдық 
қатынастардың объекті де болып табылады. Адамда субьект пен обьектің 
тұтастығы жүзеге асады. Осылайша адамның əлеуметтік-əрекеттік мəні туралы 
айтуға болады. Әрекетсіз, əлеуметтік қарым-қатынастарсыз адам адам бола 
алмайды.
Бірақ адам өз мəнділігінде салыстыруға келмейді. Бұл нақтылық оның 
өмір сүруі барысында аңғарылады. Жəне де, егер адамның мəні  бұл адамзат 
тегінің жалпы сипаттамасы болса, ал əрбір индивидтің өмірі өзінің нақты-
эпирикалық тұрғысында əрқашанда индивидуалды жəне тек мəнділікпен ғана 
қамтылмайды. Адамның өмір сүруі өзінің алуан түрлі формалары, түрлері мен 
қасиеттері көріністерінің бүтін тұтастығы ретіндегі индивид болмысы болып 
табылады. Бұл бүтіндік, ең алдымен адамның үш негізгі бастаудың  
биологиялық, əлеуметтік жəне психикалық бастаулардың тұтастығы 
екендігінен, адамның биопсихоəлеуметтік феномен екндігінен көрінеді. Бұл 
фактордың кез-келген біреуін алып тастасақ, адамның өзін де жояр едік. 
Сондықтан да, адамның қабілеттерінің дамуы, жəне оның бүтіндік қалыптасуы 


154 
əрқашанда осы негізгі факторлармен байланысты: табиғи жаратылыспен 
əлеуметтік ортамен жəне ішкі Менімен (ерік, ұмтылыс, мүдде т.с.с.). 
Адамның өмір сүрүі мəселесі де адамның мəні мəселесі сияқты маңызды. 
Оның алғышарты туралы емес, адамның өмір сүруі мен мəнділігінің тұтастығы 
мен қажетті байланысы туралы айтуға болады. Адам əрқашанда, бір жағынан 
əуел бастапқы "нəрсе" жəне, екінші жағынан, ол өзінің ізі мен шектеуін 
қалдыратын əлеуметтік ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмір 
сүру осы қажеттіліксіз, оның мəнін құрайтын қоғамдық қатынастарының 
жүйесінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, оның мəні де оның өмір сүруінен тыс 
бола алмайды. 
Адамның бойындағы биологиялық пен əлеуметтіліктің арақатынасы 
мəселесі де осы өмір сүру мен мəнділік мəселесімен байланысты. Өзінің мəні 
жағынан адам əлеуметтік жан. Сонымен бір мезгілде ол табиғаттың жемісі жəне 
оның шектерінен тыс өмір сүре алмайды, өзінің биологиялық қажеттіліктерін 
өтейді, ішеді, жейді, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық 
пен əлеуметтілік ажырамас тұтастықта орналасады оның бір жағын "əлеуметтік 
сапаға" ие тұлға құраса, екінші жағын оның табиғи негізі болып табылатын ағза 
құрайды. 
Өзінің биологиялық жаратылысы жағынан əрбір индивидтің өз ата-
анасынан алатын гендер жиынтығы – белгілі бір генотипі əуел бастан қаланады. 
Туылысымен-ақ ол нышандары генде сақталған биологиялық тұқым 
қуалаушылыққа ие болады. Бұл нышандар индивидтің сыртқы, физикалық 
кейпіне де (бойы, терісінің түрі, бет-əлпеті, дауысының күші, өмірінің ұзақтығы 
жəне т.б.), психикалық қасиеттеріне де (эмоция, темперамент, кейбір мінез-
құлықтары жəне т.б.) Кейбір ғалымдардың пікірінше, адамдардың əртүрлі 
əрекет түрлеріндегі де дарындылығы да тұқым қуалаушылықпен беріледі. 
Алайда мұнан адамның қабілеттері тек табиғи алғышарттармен байланысты 
деген қорытынды шығарудың қажеті жоқ. Нышандар-бұл адам қабілеттерінің 
алғышарттары ғана, оны генотипке əкеліп тіреуге болмайды. Қабілеттер де 
өзінің жалпы түрінде үш фактордың бірлігі: биологиялық, əлеуметтік, 
психикалық. 
Әлеуметтілік пен биологиялық мəселелерін қарастырғанда екі 
көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: əлеуметтік факторды абсолюттендіру 
жəне биологиялық факторды абсолюттендіру. Біріншісінде адам əлеуметтік 
ортаның абсолюттік нəтижесі болып көрінеді. Екінші концепцияға əртүрлі 
биологияландырушы ілімдер жатады. Оның ішінде, мысалы табиғи тұрғыда бір 
нəсілді екіншісінен жоғары қоятын нəсілшіл теорияларды жатқызуға болады. 
Нəсілшілділіктің жарамсыздығын адам генотипінің ерекшілігінің нəсілдік емес, 
индивидуалдық денгейде көрінетіндігі арқылы дəлелдеуге болады. Табиғатта 
қандай да болсын нəсілдік, ұлттық немесе əлеуметтік генотиптер өмір сүрмейді. 
Дарвиннің табиғи сұрыпталу ілімін негізге ала отырып қоғамдық өмірді 
түсіндіруге 
тырысқан 
социал-дарвинизмнің 
өкілдері 
де 
осы 
биологияландырушы позицияны ұстанды. 
Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоəлеуметтік табиғаты туралы пікір 
қалыптасты. Мұның үстіне адамның əлеуметтілігі төмендетілмейді, есесіне 


155 
Homo sapіens жануарлар əлемінен бөлініп, оның əлеуметтік жанға 
айналуындағы шешуші рөлі баса айтылады. Адам пайда болуының 
биологиялық алғышартын ешкім теріске шығара алмайды. Тіпті ғылыми 
дəлелдерге сүйенбей-ақ, қарапайым бақылаулар мен қадағалауларды 
жетекшілікке ала отырып, адамның табиғи өзгерістерге – атмосферадағы 
магниттік борандарға, күннің белсенділігіне, жер стихиялары мен апаттарына 
барынша бағыныштылығын аңғаруға болады. 
Екінші жағынан адамның қалыптасуындағы үлкен рөл еңбек, адамдар 
арасындағы өзара қатынастар, олардың əлеуметтік жəне саяси институттары 
сияқты əлеуметтік факторларға тиесілі. Бұлардың əрқайсысы жеке өз алдына 
адамның жануарлар əлемінен бөлініп қалыптасуына əкелуі мүмкін емес. Бұл 
тек олардың өзара əсері мен диалектикалық тұтастарының арқасында ғана 
мүмкін болады. 
Адам жер бетінде өмір сүретін биологиялық түрдің біріне жатқандықтан 
оның биологиялық табиғатын гомоноид (адамға ұқсас) ретінде оған тиесілі 
түрлік қасиеттердің жиынтығы анықтайды. Алайда, осы биологиялық 
параметрлердің өзіне əлеуметтік фактор тікелей əсер етеді, мысалы, өмірдің 
ұзақтығына, жас ерекшіліктеріне жəне т.б. əсер етеді. Жануарға тəн өмір сүру 
ортасына түскен нəрестенің өзі қалыпты жағдайларға сай физикалық тұрғыда 
тірі қалғанымен, ол адам болып қалыптаспайды. Бұл үшін индивид 
əлеуметтендірудің белгілі бір кезеңдерін бастан өткізуі керек. Сонымен қатар 
төмендегі пікірмен де келісуге болады: "Туылған сəтінде нəресте адамға 
кандидат қана, ал оқшау жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды 
адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді" (А.Н.Леонтьев). Басқаша 
айтқанда, əлеуметтік жағдайлардан тыс, тек биология ғана адамды тұлға 
ретінде қалыптастыра алмайды. 
Адамдағы əлеуметтіліктің биологиялыққа ықпалының тағы бір қыры 
биологиялықтың əлеуметтік формада қанағаттандырылуы мен жузеге 
асырылуында. Адам өмір сүруінің табиғи-биологиялық жағы əлеуметтік-
мəдени факторлармен "адамданады" жəне ортаға түсіріледі. 
Осылайша, биологиялық алғышартсыз гомоноидтың пайда болуын көз 
алдыға келтіру мүмкін емес болса, əлеуметтік алғышартсыз да адамның 
қалыптасуы мүмкін емес. Ары қарай мұның арқайсысы жағдайларға 
байланысты адамның күш-жігерін бірде азайта, бірде күшейтті. Жалпы, 
бүтіндей алғанда адамның пайда болу кезінде де, қазіргі кезде де оның өмір 
сүруі биологиялық пен əлеуметтіліктің тұтастығымен қамтамасыз етіледі. 
Адам өмір сүруінің психикалық жəне биологиялық жақтарын бейнелейтін 
философиялық антропологиядағы бейсаналық пен саналық мəселесі де 
биологиялық жəне əлеуметтілік мəселесімен тығыз байланысты. 
Ұзақ уақыт бойы философияда антропологиялық рационализм 
принциптері үстемдік етті, адам оның қылықтары жəне болмысының өзі 
саналық өмірдің көрінісі ретінде қарастырылып келді. Адам "ақылды адам" 
ретінде ғана саналып келді. Ал Жаңа заманнан бері философиялық 
антропологияда бейсаналық мəселесі үлкен орын ала бастады. Лейбниц, Кант, 
Кьеркегор, Шопенгауэр, Ницше сияқты авторлар адам санасынан тыс 


156 
психикалық процестердің маңызы мен рөлін əр түрлі қырлары мен 
позициялары тұрғысынан талдай бастады. 
Адамның өлшемі мен өмір сүруінің аса маңызды факторы ретінде 
бейсаналықты бекітіп, философиялық антропологиядағы бүкіл бір бағытты 
ашқан З.Фрейд бұл мəселенің шешілуіне үлкен ықпал етті. Ол бейсаналықты 
санаға қарсы тұратын күш ретінде танытады. Фрейдтің ойынша, ең басты күші 
жыныстық қатынас либидо болып табылатын бейсаналық моральдық 
стандарттар жəне шектеулермен қоса қоршаған əлеуметтік ортаға үнемі 
бойұсынып отыратын саналықпен қақтығыста болады. Ортаның шектеулері 
индивидті күйзеліске ұшыратады, соның нəтижесінде бейсаналық қатынастар 
невроз, түс көру, көбіне агрессивті қате əрекеттерге ұрындырады. Қақтығыстық 
ахуалдың шектен тыс қысымынан индивид ығыстыру көмегімен құтылады: 
индивидке тиімсіз ойлар, көңіл-күйлер санадан "қуылып", саналықтан кейінгі 
деңгейге көшіріледі, бірақ оның əрекетіне, қылығына əсерін тигізіп отырады. 
Осылайша фрейдтік талдау биологиялық қатынастар мен саналы əлеуметтік 
нормалар арасындағы, саналылық пен бейсаналылық, өмір инстинкті мен өлім 
инстинкті арасындағы бірқатар қайшылықтардан құралады. Бірақ, ақарында 
биологиялық бейсаналық анықтаушы рөлге ие болады. Фрейдтің жəне оның 
ізбасарларының концепциясындағы бейсаналықтың рөлін бағалай отырып 
адамға жəне оның өмір сүруін бейсаналылық жəне саналықтың арақатынасы 
арқылы қарастыру бұл мəселені философиялық түсінуде жаңалықтар əкелгені 
сөзсіз. Бірақ, сонымен қатар Фрейд бейсаналылықтың рөлін біршама 
абсолюттендіріп көрсетеді. 
Осылайша, бейсаналылық мəселесін ойластыру адам психикасы аймағын 
саналылық жəне бейсаналылық салаларына бөле отырып индивидуалды жəне 
қоғамдық саналардың құрылымын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осыған 
байланысты қазіргі кездері кеңінен таралған менталитет, ментальдылық сияқты 
ұғымдарға көңіл аудару қажет. Ментальдылық құрамына бейсаналықты да 
еңгізетін индивидуалдық жəне ұжымдық сананың терең деңгейін білдіреді. Ол 
индивидтің немесе əлеуметтік топтың əлемді белгілі бір тəртіппен 
қабылдауының, ойлауының жəне əрекет етуінің ерекше қалпы мен жүйесінің 
жиынтығын білдіреді. Тұлғаның менталитеті дəстүрдің, мəдениеттің жəне 
адамның əлеуметтік ортасының негізінде қалыптасады жəне, өз кезегінде 
оларға да əсер етеді. 
Адам текті ұғым болып табылады сондықтан адамзат тегіне қатысты 
барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көзқарас адам мəнін анықтау үшін 
жеткіліксіз. Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға, 
индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген 
өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тəн жалпы 
белгілерімен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл 
табиғи-бойы, көзінің түсі, дене құрылысы, жəне əлеуметтік-дамуының 
интелектуалдық деңгейі, психологиялық қыртысы, рухани мəдениеттің əртүрлі 
деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. Индивидуалдық ұғымы 
индивид түсінігімен тығыз байланысты. Оны индивидпен байланыстыратыны 
олардың негізі биологиялық, табиғи екендігі болып табылады. Индивидуалдық 


157 
күрделірек жəне жан-жақты болады. Индивидуалдылық ең алдымен адамның 
табиғи жəне психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, 
темпераментінен, 
мінез-құлқынан, 
эмоционалдылығынан 
көрінеді. 
Индивидуалдық белгілер адамның саналы əрекеттерінен де, оның пікірінен, 
қылығынан, мəдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір əлеуметтік топтың 
өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше 
нəрселер тəн болады. 
Адамның əлеуметтік қасиетінің келесі бір жоғары деңгейдегі 
сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның 
биологиялық табиғатына негізделетін индивид пен индивидуалдықпен 
салыстырғанда тұлғаның мəнінің ерекшілігі оның əлеуметтік қасиеттерге 
негізделетініде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз əсерін 
тигізетінін ескеру керек. 
Әлеуметтік индивидуалдылық, əрине, бос жерде пайда болмайды. Адам 
нақты тарихи уақытта жəне əлеуметтік кеңістікте, тəрбие мен практикалық 
əрекет 
барысында 
қалыптасады. 
Сондықтан 
да 
тұлға 
əлеуметтік 
индивидуалдылық ретінде – бұл əрқашанда нақты нəтиже, өте əр алуан 
факторлардың өзара əрекеті мен синтезі. Адам неғұлым үлкен деңгейде 
əлеуметтік-мəдени тəжірибені бойына жинақтаса, соғұрым тұлға маңыздырақ 
жəне ол, өз кезегінде, оның дамуына өзінің индивидуалды үлесін қосады. 
Тұлғаның қалыптасуына қандай факторлар ықпал етеді жəне тұлғаның 
қарапайым адамдардан қандай айырмашылығы бар? Әрине, мұндай факторлар 
өте көп, бірақ оның қалыптасуындағы негізгі рөл əлеуметтік жағдайларға – 
тəрбиеге, білімге, қоршаған əлеуметтік ортаға, ата-анаға тиесілі екендігін атап 
өту маңызды. Тəрпбиенің рөлі адамның балалық жəне жасөспірімдік кездері 
қандай моральдық жəне қоғамдық құндылықтарды игеруімен байланысты. 
Білім адамға əр алуан ақпаратты жəне ең маңыздысы, өтіп жатқан оқиғаларды 
талдау жəне бағалау қабілетін беріп, ойлауды дамытады. Қоршаған əлеуметтік 
орта – бұл адамның мекен ету əлемі, бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей əсер 
ететін дүниетанымдық, кəсіби, адамгершілік құндылықтар. Алайда, тұлғаның 
қалыптасуына басты ықпал ететін - ата-аналар. Нəрестенің көз алдында олар 
"алғашқы əлем", онымен танысу барысында нəресте еліктеуді, теріске 
шығаруды немесе өзгертуді үйренеді. Сондықтан ата-ананың жеке абыройы, 
олардың бала тəрбиелеудегі қатысы, қоғамға жəне өзі сияқтыларға қатынасы – 
баланың тұлға болып қалыптасуындағы маңызды фактор болып табылады. 
Тұлға бос кеңістікте емес, ұжымда, қоғамда əрекет ететіндіктен, ол 
белгілі дəрежеде оларға бағынышты. Мұндағы қоғамның рөлі тұлғаның пайда 
болуы жəне оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті алғышарттар 
қалыптастырумен қатар, осы жолда кедергілер құруымен де көрінеді. 
Сондықтан да қоғамдық құрылыс, экономикалық жəне əлеуметтік дамудың 
деңгейі үлкен мəнге ие болады. Нақтылап айтқанда, қоғам əрбір адамға өзінің 
ақыл-ой жəне физикалық қабілеттерін іске асыру үшін білім алуға мүмкіндік, 
еңбек ету мен еркіндікке құқық береді. 
Философиядағы тұлға ретіндегі адамның мəні, оның əлем мен тарихтағы 
орны мəселелері. Тұлға бұл жерде адамдардың əрекеті мен қарым-


158 
қатынастарының, 
қоғамдық 
қатынастардың, 
қоғамдық 
идеалдардың, 
құндылықтардың 
индивидуалдық 
көрінісі 
жəне 
субьекті 
ретінде 
қарастырылады. Олардың тарихи тұрғыда да, "нақты болмысы" тұрғысында да 
салалары тұлғаның тарихи типі қалыптасуына, оның нақты жағдайлары мен 
қасиеттеріне орасан зор ықпал етеді. Әсіресе, əрекеттің тұлғаға əсері ерекше 
екендігін атап өткен жөн. Адамның əрекетінің негізінде жəне соның арқасында 
тұлғаның дамуы жəне оның қоғамда əртүрлі рөлдерді атқаруы жүзеге асады. 
Тек əрекетте ғана индивид тұлға ретінде бекітіледі, онсыз ол "өзіндік зат" 
болып қалған болар еді. Адам өзі туралы қаншама ойларға беріліп, кез-келген 
қиялдар тудыруы мүмкін, ал өзінің нақты болмысында тек іс арқылы ғана 
аңғарылады. Бекерден бекер Конфуций адамдардың сөздерін тыңдап қана 
қоймай, олардың істерін де көре білген, сол сияқты Аристотель де былай деп 
жазған: "Жеңістің сыйлықтарын тек жарысқа қатысқандар ғана алады". 
Басқаша айтқанда, адамның əлеуметтік əрекеттік мəні ең алдымен 
тұлғаның əлеуметтенуінің негізіне жатады. Әлеуметтендіру – бұл индивидтің 
қоғамда өзінің өмірқамын дұрыс тəсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін 
білімдердің, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеруі процесі 
болып табылады. Ол адамның əлеуметтік тəжірибені игеру барысында жүзеге 
асады, бірақ ең алдымен оның белгілі бір қоғамдық қатынастарға, əрекет 
түріндегі қарым-қатынас формасына түсудің нəтижесінде іске асады. Бұл 
жағдайда əлеуметтену филогенезде де (адамның тектік қасиеттері мен 
сипаттарының қалыптасуы), онтогенезде де (нақты тұлғаның қалыптасуы) 
жүзеге асырылады. Адамның тарихи дамуы тұрғысында да, онтогенезде де 
тұлға индивидтің əлеуметтенуінің нəтижесі. "Тұлға болып туылмайды, тұлға 
болып қалыптасады" (А.Н.Леонтьев). Әлеуметтену динамикалық сипатта 
болғандықтан, тұлға бұл əрқашанда процесс, бұл үнемі қалыптасу. Өзінің 
қалыптасуында, өзінің ұмтылысында тұрып қалған, қатып қалған тұлға – бұл 
демек, кері кетуші тұлға. Тұлғаның деградациялануы индивидтің өзге ерікке 
толығымен бағынып жəне оның əрекеті алдын-ала бағдарланып қойылған 
жағдайда, яғни əрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да орын 
алады. 
Индивидтің қарым-қатынастан жəне таңдау мүмкіндігінен, белгілі 
дəрежеде еркін қимылдаудан айырылуы да тұлғаның дамуы мен оның көңіл-
күйіне кері əсер етеді. Адамды қоғамнан жəне қарым-қатынастан бездіру үнемі 
ең қатал жазалардың бірі болып саналды, өйткені үнемі оқшаулану мен 
жалғыздық тұлғаның өзінің мəніне қайшы келеді. Бірақ өзге ерік пен ойды 
тұлғаға таңу онан да теріс ықпалын тигізеді. Басқа ерікке толығымен бағынған 
жəне өз дүниетанымынан, өз ойы мен көзқарасынан айырылған адам – бұл 
тұлға емес. Сол сияқты белгілі бір себептерге байланысты ақыл-ойы мен 
жадыдан айырылған индивидті де тұлға деп айтуға келмейді. 
Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы – оның адамгершілік-рухани 
мəні. Тұлғаның мазмұнының жəне оның бағалануының маңызды компоненті 
ретінде 
оның 
санасының 
дүниетанымының, 
адамгершілігінің 
жəне 
жауапкершілігінің деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары мен 
санасының барысы көрінеді. Әрине тұлғаның қалыптасуы мен қылығына 


159 
əлеуметтік ортаның үлкен ықпал етері сөзсіз. Бірақ тұлғаның бағдары мен 
қылығы да сол деңгейде адамның ішкі, рухани əлеміне бағынышты. Адамның 
бойындағы интелектуалдық-адамгершілік жəне ерікті қасиеттері неғұрлым 
айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпыадамзаттық 
құндылықтармен сəйкес келеді, тұлғаның өзінің де маңызы артып, бұл 
құндылықтардың бекітілуі мен дамуына өздерінің оң ықпалдарымен əсер етеді. 
Бұл тұрғыда ол өзінің рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы 
жақтарымен сипатталады. 
Тұлғаның ерік-жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік 
қайырымдылығы мен тазылығы тек нақты практикалық əрекетте жəне белгілі 
бір əлеуметтік жағдайларда ғана бекітіліп, іске асады. Дəл сондай жағдайда 
ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, 
принципиалды болудың жəне т.б. қиын да ауыр екендігі аңғарылады. Өйткені, 
егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса, ол өзінің тек ақыл-
ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да жауапкершілікті болуы тиіс. 
Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы, сөзсіз қажет. Еркіндік – бұл тұлғаның 
атрибуты. Бірақ жауапкершіліксіз еркіндік – бұл шектен тыс бей-берекетсіздік. 
Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, 
кейде ерікті болғаннан жауапкершілікті болу қиынырақ. 
Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі 
үнемі шығармашылықты, көңіл-күйдегі уайым-қайғыны талап етеді. Тұлға 
неғұрлым жоғары жəне маңызды болған сайын, оның өзінің жəне өзгерлердің 
алдындағы жауапкершілік деңгейі де жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет