194
9.2. Этиканың категориялары
Адамға жағымды нəрселердің бəрі жақсылық ұғымына кіреді. Адам
жақсылық атаумен өзінің арман-мұраттарын, болашақтан үміттенуін, адамзатқа
деген игі тілек, сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-
əрекеттеріне, қоғамдық қатынастарға баға беріледі, тұлғаның ізгілігі
айқындалады.
Жамандық – керісінше, адам күнкөрісіндегі жағымсыз көріністерінің
жалпылама аталуы. Оған негізінен қоғамдық пікірмен айыпталатын теріс
қылықтар мен пиғылдар жатады. Жамандыққа арамдық біртабан жақын. Кісіге
əдейі қастандық жасау, оған нақақтан ұрыну, ата-ананы сыйламау, олардың
тілін алмау, жетімнің ақысын жеу, адамды орынсыз келемеждеу, жəбірлеу,
жалған куəлік беру, ғайбат сөйлеу, ұрлық қылу секілді жамандықтың əртүрлі
көріністері өкінішке орай, қазір де кездеседі.
Жақсылық пен жамандыққа қатысты бізді толғандырып жүрген бір мəселе:
«Адам туысынан жаман ба, зұлымдыққа бейім бе?» деген сұрақ. Ғұламалар бұл
сұраққа əртүрлі жауап беріп келеді. Олардың кейбірі-адам жануардан жаралған,
сондықтан одан мұра болып қалған соқыр сезімдер (инстинктер) адамды жарға
соқтырмай қоймайды дейді. Енді біреулері: «туғаннан адам сəби сияқты пəк,
тек оны бүлдіретін қоғам» деген пікірді жақтайды. Шынтуайтқа келгенде, адам
міндетті түрде зұлымдыққа əуес емес, ол жақсылықтың адам өмірінің барлық
жақтарын қамти алмағандығынан туындайды. Жақсылық пен жамандық туралы
жалпы түсінікті қарастырып өткен соң, олардың қазақилық баламалары мен
дəстүрлі көшпелі қоғамдағы реттеушілік тетіктеріне тоқталып өтейік. Дəстүрлі
қазақ қоғамында жақсылық, имандылық ұғымымен түйісе қолданылып келді.
Имандылық тек таза діни ұстаным емес. Абай айтқандай, иманжүзді адам
дегеніміз өз бойына кісілік қасиеттерді толық қондыра білген тұлға. Өзінің 12
жəне 13 сөздерінде ақын иманның діни жəне халықтық түсініктеріне талдау
береді. Соңғысын Абай адам болудың шарты жақсылық пен жамандықты
айыра білу қабілеті деп түсіндіреді. «Кімде-кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат
қылып жүрсе, оны ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, əйтеуір жақсылыққа
қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Лəкин сондай адамдар толымды
ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны
білсе екен. Әуел – иманның иғтиқатын махкамлемек керек, екінші – үйреніп
жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене берсе екен. Кімді-кім үйреніп
жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат
болмайды».
Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын
діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.
Жоғарыда аталып өткендей, дəстүрлі қазақ мəдениетіндегі жақсылық пен
имандылық құндылықтары, негізінен халықтың ауызекі шығармашылығында
көрініс тапқан. Сөзіміз дəлелді болу үшін Жұпар Ақтомпышқызы термесінен
бір үзінді келтірейік:
Жақсылық қайдан шығады,
Жамандық көзін жұмбаса.
Жамандық қайдан шығады,
195
Жалғандық төсін ұрмаса.
Дархандық қайдан шығады,
Мейірім жүзін бұрмаса,
Іштарлық қайдан шығады,
Қызғаныш ешкім қылмаса.
Имандылық қайдан шығады,
Тəрбие, ұят болмаса.
Абырой қайдан шығады,
Талап пен еңбек болмаса.
Өркениет қайдан шығады,
Мəдениет, өріс болмаса.
Жақсылық, жамандық, имандылық ұғымдары ауызекі мəдениет
жағдайында мақал-мəтелдерде, нақыл сөздерде, үлкендердің бата беру
дəстүрінде, салт пен дəстүрде, ырымдарда ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған.
Мысалы, төменгі бата түрінде жақсылық пен жамандықты айыра білу тілегі
айтылған:
Адамзат туы – ар болар,
Әділдік – соған нəр болар.
Жадыңа тұтсаң осыны
Жақсылық саған жар болар.
Қасыңның жолы тар болар,
Тілектен қазына жиғанның
Туысыңа тұнық бол,
Татулыққа – тамаша бол
Ықыласқа – иық бол.
Ошағы, орны бар болар.
Ошақта отың маздасын,
Орныңнан ор қазбасын.
Құрдасыңа – қуаныш бол,
Сырласыңа – сынық бол
Жылағанға жұбаныш бол,
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол.
Қорыта айтқанда, қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесінде этиканың маңызды
ұғымдары «жақсылық» пен «жамандық» өзіндік мазмұнға ие болып,
тұлғаралық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарған.
Қайырымдылық жəне оның антиподы зұлымдық өздерінің абстракциялық
мағынасында адамгершілік пен имансыздықты білдіреді. Қайырымдылық
ұғымы адамдарадың ең жалпы мүдделерін, болашаққа деген үмітін, талап-
тіліектерін білдіреді. Қайырымдылық өмірдің сақталуы мен дамуына қызмет
етеді. Зұлымдылық, керісінше, өмірге кедергі жасап, оны жоюға тырысады.
Этикадағы барлық жақсы жəне жаман қасиеттер салысырмалы мəнге ие.
Мысалы, қорқыныштан туған көнбістік өз құнын жоғалтады. Э. Фромның
айтуынша, жекелеген жақсылықтар мен жамандықтар емес, ізгілік пен
күнəқарлық мінез-сипаты этикалық зерттеудің нағыз пəні болып табылады.
196
Жақсы адам пайдалы заттарды, өнер туындыларын жəне ой жүйелерін
тудыра алғанымен, бұл игіліктің ең маңыздысы оның өзі болып табылады. Егер
физикалық өсу өзіне қажетті жағдайларда жүзеге асырыла беретін болса, ал
адамгершілік деңгейдегі жаратылыс үдерісі автоматты түрде іске қосыла
қоймайды. Э. Фромм жазғандай, «адам ахуалының қасіреті оның дамуының
толық еместігінде. Адам əрқашан да толық туылуға үлгермей жатып-ақ өмірден
өтеді». Адамның мəні мен жазмышы осында.
Аристотельдің айтуынша, адам мақсатын назарға алу арқылы ізгілікті
анықтауға болады. Жақсы адам – бұл ақыл-ойдың көмегімен өз əрекетінде
адам бойына тəн мүмкіндіктерге жол ашатын адам. Спинозаның көзқарасы
бойынша, ізгілік адамның өз күшін пайдалануын білдіреді, ал күнəқарлық – өз
күшін пайдалана алмаушылық, зұлымдылықтың мəні – əлсіздік. Бұл
айтылғандардан шығатын қорытынды, «қайырымдылықтың» анықтамасы –
бұл қалыпты əлеуметтік құндылықтарды білдіретін жалпы этикалық ұғым ғана
емес, адамдар қылықтарында жүзеге асатын адамгершілік.
Ізгілікті адам концепциясының айшықты көрінісі ХХ ғасырдың ұлы
гуманисі А. Швейцердің өмірді қастерлеу туралы ілімінде байқалады. Оның
негізгі сəттеріне тоқаталайық. «Адам өзінің ішкі ұмтылысында өмірге қолынан
келгенше көмкетесуге тырысқанда ғана, кез келген тірі нəрсеге зиян
кельірмеуді ұстанғанда ғана нағыз адамгершілігімен көрінеді. Ол үшін өмір
қасиетті. Ол ағаштың жапырағын жұлмайды, бірден-бір гүлді үзбейді, бірде-бір
жəндікті басып кетпейді. Жазғы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа
ұмтылған көбелек қанатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, қапырықта
отырғанды дұрыс көреді».
Өмірді қастерлеу этикасы өзге адамдар алдындағы парыздан бас тартып,
өздерін еркін сезінген адамдарды мақтау да, даттау да керек емес есептейді. Ол
қанай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарға
қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бақыттысың,
сондықтан, көп нəрсені құрбандыққа шалуға тиіссің, өзгелерге қарағанда саған
денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлық жəне т.б. көп мөлшерде берілген,
мұның бəрін сен өз-өзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын
өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өмірінің күшін беруге міндеттісін.
Алайда, нақты өмір компромисстерге (келісімдерге) толы, өз өмірді
сақтау үшін мен зиян кетіруі мүмікін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек.
Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азық табамын. Менің
бақытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. Шындығында, этикалық емсе,
тек өмір қажеттігі мен этиканың қоспасы болып табылатын нəрселерді адамдар
этикалық ретінде қабылдайды.
Гуманистік этика бұл компромисті мойындамайды жəне ақтамайды. Ол тек
өмірді сақтауға жəне дамытуға қызмет ететін нəрселерді ғана ізгілік,
қайырымдылық ретінде мойындайды. Мұнан өзге қылықтардың барлығы, мейлі
ол қандай жағдайда жасалсын, зұлымдылықты сипаттайды. Адам өмірге зиян
келтіруі қажеттігіне қаншалықты бағынатынын жəне бұл үшін өзіне
қаншалықты кінə арқалайтыны əрқашанда өзі шешіп отыруы тиіс. Адам
осылайша адамгершілік тұрғыдан шынығады. Сонымен, гуманистік этикада
197
қайырымдылық – бұл өмірді бекіту, адамның өз күшін дұрыс пайдалануы. Ал
ізгілік – бұл өзінің өмір сүруі жаупкершілік. Зұлымдық адамды күшінен
айырады, жамандық, күнəқарлық – бұл өз-өзіне деген қатынастағы
жауапсыздық. Мұндай жағдайда моральды шын мəнінде бекіте алатын жалғыз
философияның, керісінше, бұл мағынада мүлдем мақұрым болып саналуы оғаш
көрінуі тиіс.
Шындығында кез-келген моральдық ережені кезінде біздің идеялардың
бүкіл жүйесі терең қондырылған жəне уақытында барынша жалпы пікірлерді
қалыптастыруға жалғыз қабілетті теологиялық рухтың ең алғаш енгізген жалпы
мойындалуы керек. Бірақ өткеннің жиынтығы, дəл осылайша, бұл бастапқы
жалпылықтың теологияның өзінің мəнінің азаюымен бір мезгілде үнемі
кемігендігіе дəлелдейді; басқалары сияқты моральдық ережелер де, халық
бұқарасының əрбір қылықтың адамның жеке немесе əлеуметтік өмір сүруіне
нақты ықпалын ұғыну қабілеті өскен сайын, таза рационалистік қайта бағалауға
ұшырата бастайды.
Моральды саясаттан мəңгіге ажырата отырып, бүгінде оның жекелеген
қолданысы адамзат далалығының еншісіне берілген, осылайша жалпы
ережелердің қалыптасуына тікелей теңестірілді. Ол жалпы ережелердің
алдыңғы қатарлы халықтарға үндеу сала отырып, ертедегі данышпандар ол
мəселелер тек діни жоралғылармен ғана шешіледі деп ұйғарылған, арнайы
мəселелердің бір тобын қоғамдық пікірдің қарауына тапсырады: мысалы,
Үндістандағы ғалым политеистер практикалық гигиенаның көптеген
мəселелеріне қатысты əлі күнге осылай ойлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |